jjjjjjjjjjj

Құрметті 2024 талапкер!

Құрылған күні: 2024.06.17 19:48:02

Оқуға түсу туралы барлық ақпаратты, мамандықтар тізімін, түсу емтихандарын біздің сайттан, «Талапкерге» деген қосымша бетінен таба аласыз.

 

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы анонс

Құрылған күні: 2024.06.07 10:16:29

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері  атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  17.06.2024 ж. бастап 21.06.2024 ж. дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 17 маусымға дейінгі мерзімде заңгер Т.Г. Моисеенкоға 8(7162)50-60-03 телефон нөміріне хабарласуға болады.

«WORLDSKILLS AQMOLA-2024»

Құрылған күні: 2024.05.17 18:00:26

17 мамыр күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «WORLDSKILLS AQMOLA-2024» чемпионатының жеңімпаздары мен жулдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
10-19 сәуір аралығында облысымызда өткен байқауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі 10 құзыреттілік бойынша қатысып, 6 құзырет бойынша жеңіске жетті. Оның ішінде алғаш рет «Цифрлық модельдеу» және қолөнер бағытындағы «AbilimpiksSkills» кұзыреттіліктері бойынша бақсынасқан болатын. Сонымен қатар «Хореография» және «Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша алғаш рет аймақаралық болып өткен байқауда білім алушыларымыз керемет өнер көрсетті.
Шеберліктерін шыңдап, кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, бақсынасып, жеңімпаз атанған Утекина Дардананы, Дулатова Томиристі, Нагымбекова Дамираны, Есет Еркежанды, Рязанова Аннаны, Бекмұханбетова Камиланы құттықтаймыз!
«Графикалық дизайн» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша Ақмола облысының құрамасына кіретін колледжіміздің жеңімпаздарына алдағы уақытта өтетін Ұлттық чемпионатта табыс тілейміз!

 

«Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»

Құрылған күні: 2024.05.15 15:42:33

2024 жылғы 15 мамырда Көкшетау қаласы,  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  «Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық бағыттағы ӘБ семинары өтті.  Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.

Семинарға облыс колледждерінің шығармашылық пәндер оқытушылары қатысты.

Семинардың мақсаты: Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтердің теориялық және практикалық құзыреттілігін арттыру; оқытушылардың кәсіби шеберлігін дамыту, заманауи оқу сабағын құруды жетілдіруде заманауи технологияларды пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру; педагогикалық тәжірибе алмасу.

Қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының  «Әдістемелік орталығының» әдіскері Жаманбаева Қарағөз Мұқышқызы құттықтау сөз сөйледі.

Семинардың пленарлық бөлімінде Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен:  колледж әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаев Гүлнар Бүркітбайқызы  және  «Үрмелі, ұрмалы, ішекті және эстрадалық аспаптар» ПЦК төрағасы Жандәулет Балта Биғазыұлы, сөз сөйледі.

Семинар барысында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің музыкалық  пәндер оқытушылары, зерттеуші-педагогтар 3 шеберлік сыныбын өткізді:

  1. Дукумбаева Шолпан Базаркызы, облыстық филармонияның солисі, ҚР еңбек сіңірген артисі – «Жаңадан бастап жүрген әншілермен вокалды үйренудің принциптері мен әдістері» тақырыбында.
  2. Бозжігітова Жанна Тұрыспекқызы – «Сольфеджио сабақтарында «Хроматизм» тақырыбымен жұмыс» тақырыбында
  3. Жұманова Рена Қылышқызы –  «Этносольфеджио курсындағы пәнаралық байланыстар» тақырыбында

Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің музыкалық пәндер  оқытушылары Тугусаева Елена Викторовна («Хор пәндері мысалында «Музыкалық білім беру» мамандығының болашақ педагогының  кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында; Задорожный Игорь Анатольевич,  Астана қаласында өткен 2021 жылғы 2-ші Халықаралық вокалды-аспаптық музыка байқауының Бас жүлдесі  иегері «Педагогикалық колледжде аккордеонда ойнауды үйренудің негізгі әдістері» тақырыбында) өздерінің тәжірибелік оқыту әдістерімен және тәсілдерімен  бөлісті.

Жас, келешегі зор маман, Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Домбыра» сыныбы бойынша оқытушысы  Балтин Бауыржан Серікұлы

«Халық аспаптарында ойнау техникасын меңгерудегі қиындықтар» тақырыбында сөз сөйледі.

Барлық баяндамалар негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді .

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Семинардың модераторы оқытушы Ильясова Сәуле Ибрайқызы болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Құрылған күні: 2024.05.14 11:39:43

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»  МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша заңгер Моисеенко Татьяна Григорьевнаға келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8-716-2-50-60-03, 87056030586.

Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Құрылған күні: 2024.04.15 16:11:06

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.

Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

t.me/aqorda_resmi

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Құрылған күні: 2024.04.01 17:27:02

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыка колледжі» МКҚК-ң жария талқылау үшін 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп.

Құрылған күні: 2024.02.29 17:05:20

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі»  МКҚК

Заңды мекенжайы: Акмола облысы, Көкшетау қаласы,  Мұхтар Әуезов көшесі 192

 

         2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі»  «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі»  МКҚК  7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

2023 жылы 97 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 5 қызмет;

электрондық үкімет арқылы көрсетілген-0 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -38 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-54 қызмет.

 

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

2022 жылы 107 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 4 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 0 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 58 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 45 қызмет.

 

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;

«Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру»;

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

 

  • көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

 

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Басты (aqmoedu.kz) ресми интернет ресурсында орналастырылған,  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»  бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат әлеуметтік желілердің ресми беттерінде тұрақты негізде жарияланады. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің, ашық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау интернет-порталда жүзеге асырылады.

        3) мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы газет бетінде мақала 3 жарияланды, әлеуметтік желілерде 9 мақала жарияланып, 1 тікелей эфир өткізілді. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

ТжКБ-дағы «CollegeSmartNation» ақпараттық жүйесі колледждерде оқу үрдісін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару туралы бұйрықтар; оқу жоспарлары, журналдар.

Колледжде техникалық жарақтандыруы нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келетін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

 

  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

 

Мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 4 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы 4 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

 

        1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

 

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

При проведении внутреннего контроля качества оказания государственных услуг несоответствий не выявлено. Нарушений сроков оказания государственных услуг и необоснованных отказов не установлено.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған халықты мемлекеттік қызметтер алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы хабардар ету жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шаралары бекітілді.

2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Бөлісу