jjjjjjjjjjj

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Драма тетар әртісі”біліктілігінің 4 курс білім алушылары Қанат Жүнісовтың “Алғашқы Махаббат”спектакльімен қатысты.

Құрылған күні: 2022.04.28 19:05:26
Сәуір айының 26-28 күні аралығында Алматы қаласы
Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиялық колледжі  Қазақтың ұлы жазушысы , драматург , сыншы , қоғам және мемлекет қайраткері Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған IV Халқаралық “Жас-Арт 2022“ фестивальін ұйымдастырған болатын. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Драма тетар әртісі”біліктілігінің  4 курс білім алушылары Қанат Жүнісовтың “Алғашқы Махаббат”спектакльімен қатысты.
Әділқазылар алқасының  шешімі бойынша
Қомар Нұрсұлтан
“Ең үздік ер адам бейнесі“ номинациясын иеленді.
Нұрсұлтанды құттықтай отыра биік-биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

«WorldSkills Aqmola-2022» жеңісі!

Құрылған күні: 2022.04.29 18:02:19
2022 жылдың 29 сәуірінде  Көкшетау қаласында салтанатты түрде «WorldSkills Aqmola-2022» чемпионат жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен, кубоктармен және Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен марапатталды. Чемпионат қорытындысы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі  студенттері екі алтын медальді қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ педагог-тәлімгерлерді, сарапшыларды құттықтаймыз және оларға кәсіби шеберлік пен абыройдың шыңын әрқашан биік ұстауды тілейміз!

«WorldSkills Aqmola-2022» аймақтық чемпионаты

Құрылған күні: 2022.04.18 14:18:40

2022 жылдың 18-20 сәуір аралығында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі «WorldSkills Aqmola-2022» аймақтық чемпионаты өтетін  жұмыс алаңына айналады. Жарыс бес құзыреттілік бойынша өтеді: Флористика, Сән технологиясы, Хореографиялық ұжымның жетекшісі, Әлеуметтік-мәдени қызмет, Сәнді киім және аксессуарлар дизайны.  Чемпионатқа  Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 20 студенті қатысады. Үш конкурстық күн ішінде   Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі, Щучинск қаласының жоғары  орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, Атбасар қаласының аграрлық – индустриялық колледжі, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі, Степногорск қаласының жоғары колледжі, Красный Яр ауылының агротехникалық колледжі, Шағалалы ауылының  жоғары агротехникалық колледжі, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің колледжішілік жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз дағдыларын көрсетеді.

Бірінші конкурстық күн  ашылу салтанатынан басталды. Сахнаға осы чемпионатқа қатысушы барлық колледждердің  қатысушылары мен компатриот – сарапшылары шақырылды. Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері А.А.Нұрмұханбетова құттықтау сөз сөйледі. Ашылу салтанаты Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Жыл сайын өтетін  «WorldSkills Aqmola-2022»  аймақтық чемпионаты Ақмола облысының дарынды жастарына, таңдалған құзыреттілігі бойынша қол жеткізілген кәсіби шеберлік деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Өңірлік чемпионатта  құзыреттіліктердің саны жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Өнер және мәдениет бейініндегі колледж студенттері  «Әлеуметтік-мәдени қызмет», «Сәнді киім және аксессуарл дизайны» атты жаңа құзыреттіліктер бойынша жоғары білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Барлық қатысушыларға сәттілік, табысты  жарыс тілейміз!

«Денсаулық маршы»

Құрылған күні: 2022.04.09 15:20:25

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шара аясында «Денсаулық маршы» атты жаппай жаттығу өткізілді. Бұл жаттығу студенттер мен оқытушылардың көңіл-күйіне жақсы әсер етті, физикалық және рухани денсаулық жағдайын жақсартты.

Ырғақты музыка мен жалпы позитивті көңіл-күй күні бойы сергектік қуатын  алуға ықпал етті!

“Есірткіге жол жоқ”

Құрылған күні: 2022.04.08 11:16:41

Денсаулық күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында кураторлар “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Студенттер адам денсаулығына есірткі заттарының тигізетін жағымсыз салдары туралы таныстырылды.

Бөлісу