jjjjjjjjjjj

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

Құрылған күні: 2024.02.12 18:01:59

2024 жылдың 12 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттерімен Ауған соғысының ардагерлері арасында кездесу ұйымдастырды.
Интернационалист-жауынгерлерге деген патриоттық және құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға 60-тан аса студенттер, БАҚ өкілдері және колледж қызметкерлері қатысты. Кездесуде ардагерлер ерен ерліктерімен, бастан кешкен оқиғалармен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Ісшара өте тартымды да мағыналы өтті. Жастар өздеріне пайдалы көп мағлұмат алды.

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау 2024 жылғы 01 наурыздан 30 наурызға дейін жүргізілетін болады

Құрылған күні: 2024.02.13 14:54:01

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  мемлекеттік қызметтердің 2022 жылғы көрсету саласындағы қызметі жөніндегі  есепті ашық талқылау жүргізудің басталғаны туралы ақпараттандырады. Қызмет туралы есеп vkkas.edu.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады.   Талқылау Facebook, Instagram (colleqe_cultury_akan_sery)  әлеуметтік желілерінің беттерінде 2024 жылдың 01 наурызынан бастап  30 наурызына дейін өткізіледі.

«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы шығармашылық пәндер сабақтарында шығармашылық қызметті дамыту»

Құрылған күні: 2024.01.25 14:21:09

2024 жылғы 24 қаңтарда жұмыс жоспарына сәйкес Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы шығармашылық пәндер сабақтарында шығармашылық қызметті дамыту» тақырыбы бойынша онлайн-офлайн форматта шығармашылық бағыттағы ӘБ семинары өтті.

Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Семинар тақырыбы өзекті мәселеге – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы шығармашылық пәндер сабақтарында шығармашылық қызметті дамытуға арналған.

Семинардың мақсаты: Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтердің теориялық және практикалық құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық тәжірибе  алмасу.

Семинарға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, Біржан сал атындағы музыка колледжінің, Степногорск қаласының жоғары колледжінің, Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің шығармашылық мамандықтарының әдіскерлері мен оқытушылары қатысты.

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Жаманбаева Қарағөз Мұқышқызы семинарға қатысушыларын құттықтап, облыстың барлық колледждерінің жұмысы туралы айтып, қол жеткізілген жетістіктерге талдау жүргізіп, семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті.

Қазіргі әлемде функционалдық сауаттылық білім беру сапасының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Оқытушылардың  алдында білім алушыларды  өнермен таныстырып қана қоймай, оның көмегімен шығармашылық ойлауға, адам қызметінің, қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы өмірлік міндеттерді шешуге үйрету міндеті тұр.

Семинарда оқытушылар келесі тақырыптарды қамтыды:

Көкшетау қаласы, Біржан сал  атындағы музыкалық  колледжі

  1. «Күрделі ритмикалық суреттерді игеру әдістемесі» Базаров Ербол Турлыхожаұлы, арнайы пәндер оқытушысы
  2. «Классикалық гитарада ойнауды үйрену кезінде сыни ойлауды қалыптастыру және дамыту», Ахмалишев Алибек Маратович, арнайы пәндер оқытушысы

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

  1. Әдеби квест «Аққан жұлдыздың жарығы». Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы, СмаковаСалтанатЖаксылыковна, колледжінің кітапханашысы
  2. «Мәдениет және өнер саласы мамандықтары студенттерінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудағы заманауи білім беру технологиялары (жұмыс тәжірибесінен)», Актаева Акмарал Ермековна, химия оқытушысы, колледж директорының  ОӘБ бойынша орынбасары
  3. «Хореографиялық композицияда орындаушы биінің мәнерлілігін дамыту», Погорелый Андрей Иванович, арнайы пәндер оқытушысы

Семинарға қатысқан оқытушылар өз баяндамаларында оқыту траекториясымен бөлісті, заманауи оқыту технологияларының әдістері бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.  Олардың барлық баяндамалары  түрлі-түсті, жарқын бейне көріністермен, сабақтардың фото-презентацияларымен сүйемелденді.

Семинар соңында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы білім беру үрдісінің функционалдық сауаттылығы мен тиімділігін, сондай-ақ әрбір педагогтің кәсіби деңгейі мен шеберлігін арттыру үшін ұсынылған практикалық және ақпараттық материалдың құндылығын атап өтті.

Барлық баяндамалар негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді .

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Семинардың модераторы оқытушы Ильясова Сәуле Ибраевна болды.

 

Шығармашылық  пәндерін оқытудың жаңа тәсілдері,  әдістері мен нысандары

Құрылған күні: 2023.11.16 17:00:14

2023 жылғы 16 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында «Шығармашылық пәндерін оқытудың жаңа тәсілдері, әдістері мен нысандары» тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің бірінші отырысы өтті.

Семинарға Көкшетау қ., Щучинск қ., Есіл қ., Степногорск қ. колледждерінің оқытушылары қатысты.

Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты: Оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін, олардың шығармашылық бағыттағы пәндерді оқыту саласындағы эрудициясы мен құзыреттілігін жетілдіру; педагогикалық тәжірибемен алмасу.

Семинарға қатысушыларды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Жаманбаева Каракөз Мұқышқызы  құттықтады.   Ол семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, барлық қатысушыларға шығармашылық жұмыс тіледі.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің әдіскері,  педагогика ғылымдарының кандидаты  Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы өз сөзінде заманауи білім берудің инновациялық аспектілеріне, білім беру үрдісін  ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, инновациялық ойлаудың,  инновациялық  қызметтің даму ерекшеліктеріне назар аударды.

Семинарда келесі колледждердің оқытушылары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:

«Есіл қаласы,  агротехникалық колледжі» МКҚК

Полтавец Елена Леонидовна, тақырыбы: «Сабақтан тыс жұмыстар оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде» ;

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық  колледжі

Ефремова Надежда Александровна, «Фортепианода ойнауды оқытудың бастапқы кезеңінде музыкалық ақпаратты практикалық игерудің инновациялық технологиялары»;

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық  колледжі

Никитенко Юлия Александровна, тақырыбы: «Сынып шеберлігі  «Заманауи музыкалық білім беру жүйесіндегі интеграцияланған сабақтар» ;

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

Касымбаева Гаухар Абаевна, тақырыбы: «Көркемдік-эстетикалық даму» білім беру саласын іске асыру шеңберінде бірегей инновациялық білім беру технологияларын игеру»;

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіДулатова Жансулу Мейрамбековна, тақырыбы: «Оқытудың ойын нысандарының теориялық аспектілері»;Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі

Мыцык Мария Андреевна, тақырыбы: «Интерьер дизайны» мамандығының мысалында шығармашылық пәндерді  оқыту сапасын арттыру үшін Action Research практикалық зерттеуін қолдану».

Семинар барысында ынтымақтастық, шығармашылық атмосфера орнады.

Барлық оқытушылардың баяндамалары мазмұнды, практикалық бағытта болды.

Семинар соңында шығармашылық  пәндерін оқыту әдістері мен нысандары бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2023.11.02 12:41:39

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

 Хореографиялық пәндер оқытушысы

  1. Дизайн пәндер оқытушысы
  2. Актер шеберлігі оқытушысы
  3. Сахна тілі оқытушысы
  4. Демалыстану пәндер оқытушысы
  5. Өндірістік оқыту шебері

 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;       басқарудың инновациялық әдістерін;      педагогикалық этиканың негізгі нормаларын;       еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген өндірістік оқыту шеберіне қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжат;

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

Денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

ҰБТ сертификаты;

Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Решение по итогам конкурса на занятие вакантных должностей

Құрылған күні: 2023.08.31 11:58:56

Решение по итогам конкурса на занятие вакантных должностей на основании набранных баллов – принять на работу преподавателем физической культуры Аугалиева Еркебулана Бахытжановича с 01 сентября 2023 года.

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2023.08.14 11:44:05

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

 Музыкалық пәндер оқытушысы (фортепиано сыныбы), оқыту мемлекеттік тілде

  1. Хореографиялық пәндер оқытушысы,   оқыту мемлекеттік тілде
  2. Демалыстану пәндері оқытушысы  (МДҚ ұйымдастыру),  оқыту мемлекеттік тілде
  3. Информатика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  4. АӘД оқытушысы
  5. Сахна тілі оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  6. Математика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  7. Химия оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  8. Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы
  9. Режиссура және актер шеберлігі оқытушысы
  10. Сахна қозғалысы және пластики оқытушысы
  11. Ағылшын тілі оқытушысы
  12. Экономика оқытушысы
  13. Дизайн пәндері оқытушысы
  14. Концертмейстер (фортепиано)

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;       басқарудың инновациялық әдістерін;      педагогикалық этиканың негізгі нормаларын;       еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.

 Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжат;

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

Денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

ҰБТ сертификаты;

Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Құрметті ұстаз!

Құрылған күні: 2023.10.05 09:15:11

Сізді Оқу-ағарту министрлігі мен өз атымнан кәсіби мерекеміз ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беріп, ізетті өнеге дарытып, мемлекеттіміздің лайықты азаматын қалыптастыру міндетіне әркез адалдық танытып, білім саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңіз үшін зор алғысымды білдіремін.

Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, шығармашылық табыс пен береке-бірлік тілеймін!

Мерейіңіз үстем болсын!

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Бөлісу