jjjjjjjjjjj

Бірінші Президент күніне орай «Көшбасшы – Prezident – Лидер нации» кітап көрмесіне шолу туралы ақпарат

Құрылған күні: 2018.11.30 13:35:10

2018 жылдың 27 қарашасы колледж кітапханасында Бірінші Президент күніне орай «Көшбасшы – Prezident – Лидер нации» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, білім алушыларға көрме бойынша библиографиялық шолу жүргізілді. Студенттердің назарларына елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, фактологиялық мәліметтер, бірегей мұрағат көздерінен алынған фотосуреттер және оның қаламынан шыққан туындылар ұсынылды. Шараға 2 БО, 2ДО, 2ПХ  білім алушылары белсене қатысып, көрмедегі кітаптарды оқыды.

Визит внешней экспертной комиссии Независимого агентства аккредитации и рейтинга

Құрылған күні: 2018.11.30 12:59:43

2018 ж. 27-29 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сараптау комиссиясы болды. Агенттік өз жұмысын аккредиттеу органымен бекітілген сырттай бағалау стандарттарына сәйкес үш күн бойы жүргізді.

Сыртқы сараптау комиссиясы білім беру ұйымына келгенге дейін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша өздік бағалау туралы есептерін зерделеді.

Сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс барысында колледж басшысы Құралай Ғазизқызы Идрисовамен, басшы орынбасарларымен, құрылымдық бөлімдер жетекшілерімен, бөлім меңгерушілерімен, кітапхана меңгерушісімен, әлеуметтік педагогпен, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысымен, медбикемен, білім алушылардың ата-аналарымен, пәндік комиссия төрағаларымен, оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен, ата-аналармен және жұмыс берушілермен кездесті. Комиссия колледждің материалдық-техникалық базасын қарап шықты. Оқытушылар мен білім алушылардың арасында колледждің оқу-тәрбиелік үрдісіне  қанағаттанушылықтарына сауалнама жүргізілді.

Екінші күні сараптау комиссиясы практика базалары: Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрына, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға, Қазақ үлгілік кітапханасына және электрондық кітапханаға, Көкшетау қаласының мұражайлары мен мәдениет сарайларына, «Дизайн» бағыты бойынша жарнамалық агенттіктерге барды. Пәндік комиссиялар жұмысын қарап, сабақтарға қатысты.

Үшінші күні Сыртқы сараптау комиссиясы сабақтарға қатысты және колледж әкімшілігімен қорытынды кездесу өткізді.

КОЛЛЕДЖДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ

Құрылған күні: 2018.11.29 20:22:12

29.11.2018 ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЖАҢҒЫРТУ АСЫЛ МҰРАНЫ – біздің колледж ұраны!» атты колледждің шығармашылық жетістіктерінің көрсетілімі  өтті.

«Би композициясы және қойылымы», оқытушылар: Погорелый А.И., Ордабаева Г.М.,  Ефименко А.В.

«Актер шеберлігі», оқытушы Букешова М.А.

«Театрландырылған көпшілік қойылымдар режиссурасы», оқытушы Рыбакова Г.А.

«Сценарий жазу шеберлігінің негіздері», оқытушы Аменова Г.Б.

«Жалпы вокал»,  оқытушы Тилеубаева Н.Н.

«Сахна тілі»,  оқытушы Настаева А.Н.

«Оркестр сыныбы»,  оқытушылар  Омарова П.А.,  Базаров Т.Б., Базаров Е.Т.

«Киім композициясы»,  оқытушы Хавдыразах К.

Бала ақын – жас дарын

Құрылған күні: 2018.11.29 19:14:08

2018 жылғы 29 қарашада Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай  «Бала ақын – жас дарын» атты аймақаралық оқушылар айтысы болып өтті. Павлодар, Петропавл, Қарағанды Астана, Көкшетау қалаларынан он екі ақын келіп, бақ сынаған сайыста колледждің 1 ДТӘ біліктілігінің білім алушысы Ерболқызы Бағызор жүлделі І орынға ие болды. Өнерің өрлеп, шығармашылық биіктерден көріне бер демекпіз!

Есірткіге қарсы театрландырылған қойылымдар байқауы

Құрылған күні: 2018.11.22 16:05:10

«Будущее в твоих руках» – под таким слоганом прошел в колледже конкурс театрального искусства, направленный на профилактику наркомании, формирование у молодежи активной позиции против наркотиков и пропаганду здорового образа жизни, где приняли участие обучающиеся нашего колледжа. Согласно решению конкурсного жюри, третье место в конкурсе завоевала Карина Крикунова, обучающаяся группы 2 ОМП, на втором месте – студенты курса 4 АДТ, ну а победителями стали обучающиеся 3 РТК. Всем победителям вручены грамоты и ценные призы!

Байқаулар

Құрылған күні: 2018.11.22 08:10:30

Тіркелген файлдар:

Курстар және тыңдаулар

Құрылған күні: 2018.11.22 08:07:23

Тіркелген файлдар:

Оқу сабағының өздік талдауы

Құрылған күні: 2022.11.22 07:49:31

Тіркелген файлдар:

Бөлісу