jjjjjjjjjjj

15 тамызда бос лауазымдарға байқау жарияланады.

Құрылған күні: 2018.07.26 10:45:47

Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

  1. Музыкалық пәндер оқытушысы (домбыра сыныбы, фортепиано сыныбы, баян сыныбы) (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Хореографиялық пәндер оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Демалыстану пәндері оқытушысы (мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру) (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Тарих және экономика пәндері оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Информатика пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Ағылшын тілі оқытушысы

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Математика пәні оқытушысы

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурстың қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», « », «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»  Заңдарын  және білім алушылардың білімі мен тәрбиесі туралы басқа нормативтік-құқықтық актілерді; психология және педагогика негіздерін; пәннің мазмұны мен оның тәжірибелік қолданылуын; негізгі технологиялық үрдістер мен мамандық саласы бойынша жұмыс тәсілдерін;  экономика және өндіріс пен басқарушылықты ұйымдастыру негіздерін;  Еңбек туралы Заңнама негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен прогрессивтік технологияларын; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік  ережелерін білуі керек.

  1. Костюмер

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Орта арнайы білімі және есеп пен  бақылау бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі, тауарлық-материалдық құндылықтардың стандарттары мен сақталуының техникалық шарттарын, тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталу және қаттау ережелері мен тәртіптерін, оларды есепке алу бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі керек.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140, 208 кабинетке келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) біліктілігін арттыру туралы сертификаттар көшірмесі, біліктілік санаты туралы куәлі көшірмесі (болған жағдайда)

6) еңбек кітапшасының көшірмесі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіткен күннен бастап, сұхбатқа жіберілген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Жамбыл көшесі 140 мекен-жайында орналасқан «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК-да  өтеді.

Конкурс  2018 жылғы  15 тамызда сағат  10.00-де  020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140 мекен-жайы бойынша Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде өтеді, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86,  e-mail: kkas140@mail.ru.

«Жоғары» мәртебе – колледж қызметінің лайықты бағасы!

Құрылған күні: 2018.06.26 18:31:16

№ А-6/248 31.05.2018 жылғы Ақмола облысы Әкімдігінің қаулысымен Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы мәдениет колледжіне «ЖОҒАРЫ» деген мәртебе берілді.

2017-2018 оқу жылының соңы студенттер мен оқытушылар үшін жағымды жаңалықтармен есте қалмақ. Себебі Ақан сері атындағы мәдениет колледжіне «ЖОҒАРЫ» деген мәртебенің берілуі     –  бұл оның қызметінің лайықты бағасы.

Колледж өзінің 63 жылғы тарихында мәртебесін бірнеше рет өзгертті: кітапхана техникумы, мәдени-ағарту училищесі, мәдениет училищесі, мәдениет колледжі, ал 2018 жылдың 31 мамырынан бастап «Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» деген атауға ие болды. Оқу орнының атауы сан мәрте өзгерсе де мәдениет колледжі қашанда заман талабына сай жұмыс істеп келе жатыр.

Колледждің ең негізгі нәтижесі – бұл 5 мамандық бойынша жүз мыңдаған түлектерді дайындап шығуы. Ол бірнеше мыңдаған кітапхана қызметкерлерін, драма театры актерлерін, халық аспаптар оркестрінің, театр және хореография ұжымдарының  жетекшілерін, дизайнерлерді оқытып шығарды. Мәдениет колледжі еліміздің, сонымен қатар көптеген жақын және алыс шет елдердің мәдениетіне өз үлесін қосып келеді.

Қазіргі уақытта Ақан сері атындағы мәдениет колледжі кәсіби мамандардың арқасында рухани мәдениетті қалыптастыруға және жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқаруда.

Колледждің оқытушылары мен білім алушылары қала мен облыстағы мәдени шараларға белсенді түрде ат салысуда, сонымен қатар орта мектеп, өнер және музыка мектептеріңде оқитын талантты балалармен мақсатты түрде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Колледждің «Жоғары» мәртебе атағын иеленуі Ақмола облысының кәсіби білім жүйесін дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтай түседі.

Студенттер мен оқытушыларға қуанышты хабарды колледж  директоры Құралай Ғазизқызы Идрисова жеткізді. Өзінің құттықтау  сөзінде колледж басшысы мемлекет өнер мен мәдениет саласының кәсіби мамандарына зәру екенін атап айтты.

Колледж бұдан әрі өзінің алдағы жоспарларына нық қадам басып, игілікті істерді жүзеге асыра беруіне тілектеспіз.

Диплом – 2018

Құрылған күні: 2018.06.26 18:14:06

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің түлектері соңғы емтихан сессияларын сәтті аяқтады.  Артта мамандық бойынша мемлекеттік емтихан қалды. Ал алдарында жаңа қызықты өмір күтіп тұр!

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің бітіруші түлектеріне төмендегі мамандықтар бойынша  диплом тапсырылды:

0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркемөнер шығармашылығы»;

0402000 «Дизайн (салалар бойынша)».

Колледже өз мамандығы бойынша 71 түлек диплом алып шықты. Олардың ішінде үшеуі үздік диплом иегерлері. Олар: Жанна Кравченко, Дариға Ермұхан және Зарина Ержанова. Жылдағы дәстүр бойынша колледждің мәдени және қоғамдық өміріне белсене қатысқан түлектер құрмет грамоталары және арнайы дипломдармен марапатталды.

Колледж директоры Идрисова Құралай Ғазизқызы бітіруші түлектерді оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға дипломдарын табыс етті. Өзінің құттықтау сөзінде бітірушілерге алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсулеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар кәсіби маман ретінде еңбек нарығында сұранысқа ие болатындарына сенім білдірді.

Колледж түлектері төмендегідей біліктілік бойынша білім алып шықты:

0403013-1 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» (оқыту орыс тілінде) – 17 адам;

0403013  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі» (оқыту мемлекеттік тілде) – 14 адам;

0403013-5 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері» (оқыту орыс тілінде) – 13 адам;

0403013-7 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» (оқыту мемлекеттік тілде) – 13 адам;

0402013-1«Интерьер дизайны» (оқыту мемлекеттік тілде) – 14 адам.

Диплом алу – кешегі студент өміріндегі ең елеулі сәттердің бірі. Себебі бұл ерекше  күнге  олар жылдар бойғы талмай оқу мен үздіксіз еңбектенудің арқасында жетті. Олай болса кешегі студент – бүгінгі түлек, яғни болашақ өз ісінің кәсіби маманы.

Түлектермен қоштасу  көңілге қимастық сезімін ұялатады, себебі олар колледждің үлкен жанұясының бір бөлшегіне айналып кеткен еді.

Ақ жол, түлектер демекпіз!

ШЕБЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ – БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

Құрылған күні: 2018.06.20 21:52:35

Қазіргі тез құбылмалы әлемде өмірдің барлық салаларында өзгерістер болып тұрады. Елімізде болып жатқан фундаменталдық өзгерістер білім беру жүйесін де айналып өткен жоқ. Білім берудің жаңа мақсаттары мен құндылықтары пайда болып, үзіліссіз білім беруге, оқыту технологиясын әзірлеу мен пайдаланудың жаңа тәсілдеріне көшу қажеттілігі туды.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі оқытудың озық инновациондық әдістерін энтузиазммен меңгеріп, оқу үдерісіне енгізу арқылы заман талабына сай қадам басуда. Үзіліссіз білім беру мен біліктілікті арттыру курстары арқылы педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіру заманауи білім жүйесінің басты өлшемдерінің бірі болып табылады.

Жоғары мәдениет колледжінің 27 оқытушысы 2018 жылғы 27 мамырдан бастап 29 маусымға дейін «Кәсіпқор» КЕАҚ ұйымдастыруымен өзекті білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтуде.

Біліктілікті арттыру курстарының басты мақсаты тәжірибелік білімді, іскерлік пен дағдыны, ТжКБ бағдарламаларын іске асыру бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Колледждің педагогикалық қызметкерлері Байманова Б.С., Баткульдина Р.Б., Кажмуратова А.К., Казиева Х.К., Байдракова Д.М. «Модульдік-құзыреттілік негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында, оқытушылар Актаева А.Е., Кусаинова К.М., Тукеева М.А., Никитенко В.В., Есенбекова Г.А. «ТжКБ ұйымдарында кредитті-модульдік оқыту технологиясын енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында, педагогикалық қызметкерлер Кадралиева Г.А., Хамзина Б.Т., Молдабаева Ж.Ж., Бабаева Д.Ж., Хамидов Р.Г., Калиева А.К., Нурмышева Н.Б, Умбетова А.Ж., Абдрахманова Б.Б. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтті.

Қазіргі уақытта педагогтар Иванова Л.П., Дюсекеев К.Т. және Байленова Б.Е. «CLIL әдістемесі: арнай пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтуде.

Фахрутдинова Н.М., Зайцева И.В., Ефименко А.В., Бронников Д.В., Рыбакова Г.А., Тукеева М.А., Сапабек Б.Н. сияқты оқытушыларымыздың күз айында біліктілікті арттыру курстарын өтуі жоспарланып отыр.

Өнер колледждері арасындағы Халықаралық «Жас-Аrt» театралдық фестивалінен жүлделі орынмен ораллды.

Құрылған күні: 2018.05.04 17:14:26

2018 жылдың 23-26 сәуір аралығында өнер колледждерінің Халықаралық «Жас-Аrt» театралдық фестивалі Алматы қаласында өтті. Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Театр ұжымының жетекшісі» мамандығының 4 курс білім алушыларының «Жас толқын» атты театр-студиясы осы фестивальға қатысты. «Жас толқынның» Н.В.Гогольдің «Ревизор» комедиясы бойынша дайындаған қойылымы Халықаралық фестивальда «Қойылым» номинациясымен жүлделі 3 орынға ие болды. Театр-студияның жетекшісі Фархадбек Қанафинді және 4 ТҰЖ студенттерін жеңісімен құттықтаймыз!

Тағылымы терең кездесу

Құрылған күні: 2018.05.02 12:29:25

Сәуір айының 27-сі күні Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде оқу ағарту ісінің озат қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері  Таңсық Жұрынқызымен кездесу өтті. Кездесуде Т.Жұрынқызы Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағыналы дәріс оқып, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасады. Сондай-ақ 20 сәуірде осы колледждің ұйымдастыруымен  өткен «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты республикалық жас ақындар айтысына тоқталып, өз ой-пікірін білдірді.  Тағылымды кездесу жастардың  әдебиетке деген қызығушылығын оятып,  оларға терең ой салды.

«Інжу-Маржан» – республикалық балалар мен жасөспірімдердің ұлттық-дәстүрлі өнер байқауы

Құрылған күні: 2018.05.02 12:26:30

Сәуірдің 21 күні Алматы қаласында «Інжу-Маржан» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық-дәстүрлі өнер байқауы өтті.  «Көркем сөз» номинациясы бойынша  колледждің драма театр әртісі мамандығының 3-курс білім алушысы Жұмабек Ермұқан бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі – Бөкешова Маржан Арыстанбекқызы. Ермұқанға шығармашылық шабыттың биігінен көріне беруіңе тілектеспіз.

«Мәдениет колледжінің тату-тәтті отбасына қосыл!» атты ашық есік күні

Құрылған күні: 2018.04.28 02:04:15

2018 жылдың 26 сәуірінде  Ақан сері атындағы  мәдениет колледжінде «Мәдениет колледжінің тату-тәтті отбасына қосыл!»  атты ашық есік күні өтті. Аталмыш іс-шараға қала мектептерінің оқушылары   шақырылды.

Мамандық таңдау – маңызды қадам.  Іс-шараның мақсаты – оқушыларға  болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беру.

Іс-шара барысында  оқушыларға оқу ғимаратында экскурсия ұйымдастырып, колледж оқытушылары  шеберлік сыныптарын өткізді.  Қала мектептерінің оқушылары колледждегі мамандықтар туралы толық  мәлімет алды. Кеш соңында  колледж студенттері   арнайы ұйымдастырған  концерттік бағдарламасын тарту етті.

«Бабадан қалған байрағын жырдың көтеріп…», «Көкшеде айтыс өтті айта жүрер»…

Құрылған күні: 2018.04.28 02:01:01

«Арқа ажары», «Бұқпа», «Көкшетау»,  «Акмолинская правда», «Степной маяк» сияқты облыстық және қалалық газеттерде «Ерекше бір айтыс өтті», «Көкшеде айтыс өтті айта жүрер», «Бабадан қалған байрағын жырдың көтеріп…» «Сошлись в словесной дуэли», «Молодо, но совсем не зелено» деген тақырыпта мақалалар жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар  Ақмола облысы білім басқармасы мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен ақын, әнші, сазгер Ақан серінің 175 жылдығына орай «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты республикалық жас ақындар айтысына арналған.

«Көптен бері дәл бүгінгідей рухани кештің куәгері болмап едік», – деп бағалады айтыссүйер қауым.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің білім алушылары «Біз экстремизмге қарсымыз! Біз Қазақстанның бейбітшілігі үшін» атты облыстық шығармашылық байқауына белсенді қатысты.

Құрылған күні: 2018.04.24 19:44:56

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 1 курс білім алушылары «Біз экстремизмге қарсымыз! Біз Қазақстанның бейбітшілігі үшін» атты студенттердің облыстық шығармашылық байқауына қатысты.

«Кітапхана ісі» мамандығының 1 курс білім алушысы Сейтханқызы Аружан байқауда жүлделі 2 орынға ие болса, «Театр ұжымының жетекшісі» біліктілігінің 1 курс студенті  сертификат алды.

Аталмыш іс-шара ұйымдастырушысы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ еліміздің игілігі үшін жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесін ескеріп колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисованы Алғыс хатпен марапаттады.

Бөлісу