jjjjjjjjjjj

Өнер колледждері арасындағы Халықаралық «Жас-Аrt» театралдық фестивалінен жүлделі орынмен ораллды.

Құрылған күні: 2018.05.04 17:14:26

2018 жылдың 23-26 сәуір аралығында өнер колледждерінің Халықаралық «Жас-Аrt» театралдық фестивалі Алматы қаласында өтті. Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Театр ұжымының жетекшісі» мамандығының 4 курс білім алушыларының «Жас толқын» атты театр-студиясы осы фестивальға қатысты. «Жас толқынның» Н.В.Гогольдің «Ревизор» комедиясы бойынша дайындаған қойылымы Халықаралық фестивальда «Қойылым» номинациясымен жүлделі 3 орынға ие болды. Театр-студияның жетекшісі Фархадбек Қанафинді және 4 ТҰЖ студенттерін жеңісімен құттықтаймыз!

Тағылымы терең кездесу

Құрылған күні: 2018.05.02 12:29:25

Сәуір айының 27-сі күні Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде оқу ағарту ісінің озат қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері  Таңсық Жұрынқызымен кездесу өтті. Кездесуде Т.Жұрынқызы Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағыналы дәріс оқып, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасады. Сондай-ақ 20 сәуірде осы колледждің ұйымдастыруымен  өткен «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты республикалық жас ақындар айтысына тоқталып, өз ой-пікірін білдірді.  Тағылымды кездесу жастардың  әдебиетке деген қызығушылығын оятып,  оларға терең ой салды.

«Інжу-Маржан» – республикалық балалар мен жасөспірімдердің ұлттық-дәстүрлі өнер байқауы

Құрылған күні: 2018.05.02 12:26:30

Сәуірдің 21 күні Алматы қаласында «Інжу-Маржан» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық-дәстүрлі өнер байқауы өтті.  «Көркем сөз» номинациясы бойынша  колледждің драма театр әртісі мамандығының 3-курс білім алушысы Жұмабек Ермұқан бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі – Бөкешова Маржан Арыстанбекқызы. Ермұқанға шығармашылық шабыттың биігінен көріне беруіңе тілектеспіз.

«Мәдениет колледжінің тату-тәтті отбасына қосыл!» атты ашық есік күні

Құрылған күні: 2018.04.28 02:04:15

2018 жылдың 26 сәуірінде  Ақан сері атындағы  мәдениет колледжінде «Мәдениет колледжінің тату-тәтті отбасына қосыл!»  атты ашық есік күні өтті. Аталмыш іс-шараға қала мектептерінің оқушылары   шақырылды.

Мамандық таңдау – маңызды қадам.  Іс-шараның мақсаты – оқушыларға  болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беру.

Іс-шара барысында  оқушыларға оқу ғимаратында экскурсия ұйымдастырып, колледж оқытушылары  шеберлік сыныптарын өткізді.  Қала мектептерінің оқушылары колледждегі мамандықтар туралы толық  мәлімет алды. Кеш соңында  колледж студенттері   арнайы ұйымдастырған  концерттік бағдарламасын тарту етті.

«Бабадан қалған байрағын жырдың көтеріп…», «Көкшеде айтыс өтті айта жүрер»…

Құрылған күні: 2018.04.28 02:01:01

«Арқа ажары», «Бұқпа», «Көкшетау»,  «Акмолинская правда», «Степной маяк» сияқты облыстық және қалалық газеттерде «Ерекше бір айтыс өтті», «Көкшеде айтыс өтті айта жүрер», «Бабадан қалған байрағын жырдың көтеріп…» «Сошлись в словесной дуэли», «Молодо, но совсем не зелено» деген тақырыпта мақалалар жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар  Ақмола облысы білім басқармасы мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен ақын, әнші, сазгер Ақан серінің 175 жылдығына орай «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты республикалық жас ақындар айтысына арналған.

«Көптен бері дәл бүгінгідей рухани кештің куәгері болмап едік», – деп бағалады айтыссүйер қауым.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің білім алушылары «Біз экстремизмге қарсымыз! Біз Қазақстанның бейбітшілігі үшін» атты облыстық шығармашылық байқауына белсенді қатысты.

Құрылған күні: 2018.04.24 19:44:56

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 1 курс білім алушылары «Біз экстремизмге қарсымыз! Біз Қазақстанның бейбітшілігі үшін» атты студенттердің облыстық шығармашылық байқауына қатысты.

«Кітапхана ісі» мамандығының 1 курс білім алушысы Сейтханқызы Аружан байқауда жүлделі 2 орынға ие болса, «Театр ұжымының жетекшісі» біліктілігінің 1 курс студенті  сертификат алды.

Аталмыш іс-шара ұйымдастырушысы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ еліміздің игілігі үшін жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесін ескеріп колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисованы Алғыс хатпен марапаттады.

«Ұлттық өнердің өткен кезеңі мен заманауи болашағы» атты ғылыми жұмыстар байқауы

Құрылған күні: 2018.04.24 15:23:51

Сәуір айының 19 күні Ақмола облысы білім басқармасы мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен жерлес ақын, әнші, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай «Ұлттық өнердің өткен кезеңі мен заманауи болашағы» атты республикалық колледж және мектеп оқушылары арасында ғылыми жұмыстар байқауы өтті. Ғылыми байқау «Ақан сері – ақын, әнші, композитор», «Сал, серілердің өнер дәстүрі», «Қазак, орыс және әлем әдебиеті», «Қоғамдық ғылымдар», «Нақты ғылымдар», «Өнертану» деп аталатын 6 секция бойынша жұмыс жасады. Республиканың әр өңірінен келген 57 үміткердің жұмыстарына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушылары, Ақмола облысы тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі төрелік жасады. Байқау соңында әр секция бойынша үздік деп танылған жұмыстарға арнайы орындар беріліп, басқа қатысушылар алғысхатпен марапатталды.

«Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты республикалық жастар айтысы

Құрылған күні: 2018.04.24 15:17:56

Сәуір айының 20-сы күні Ақмола облысы білім басқармасы мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жодауы аясында ақын, әнші, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты жастардың республикалық айтысы өтті. Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өткен бұл айтыста Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Семей, Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау өңірлерінен 22 ақын бақ сынады. Айтыста ақын, жазушы, А. Байтұрсынов атындағы сыйлықтың лауреаты Т.Қажыбай, айтыскер ақын, М. Ғабдуллин атындағы мұражайдың директоры Қ. Мырзабеков, журналист, «Арқа ажары» газеті редакторының орынбасары Б. Байәділов, айтыскер ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Қ. Оспанов, акың, «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты М. Тоқсанбай қазылар алқасында төрелік жасап, айтыстың шынайы бағалануына мұрындық болды.

Айтыс колледж студенттерінің Ақан серінің өмір жолы мен шығармашылығына арналған театрландырылған койылымымен басталды. Одан әрі сөз алған белгілі журналист, жазушы-драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев айтыскер ақындарға ақ жол тілеп, батасын берді.

Айтыстың I кезеңінде 22 ақын өзара жұпталып өнер көрсетті. Олар: Медет Жаманов (Қарағанды) пен Ақынбай Сәрсенби (Көкшетау), Рай Дөңбай (Тараз) мен Мұхтар Әділов (Қарағанды), Манарбек Сатыбалдин (Семей) мен Айболат Көшкінбай (Актөбе), Төрехан Совет (Қызылорда) пен Таңнұр Әлбосын (Көкшетау). Ақбота Манарбекқызы (Алматы) мен Дәулет Құрмаш (СҚО), Бектас Төлеуғали (Атырау) мен Рауан Қайдаров (Павлодар), Мұхамет Қонқаев (Көкшетау) пен Ажар Қайырбек (Көкшетау), Бек Шымат (Астана) пен Нұрислам Әбділ (Көкшетау), Баймұрат Қенес (Атырау) пен Абзал Жұмабек (Кекшетау), Дәурен Ыскақ (ОҚ) пен Мақсат Серік (СҚО), Ерзат Әрін (Алматы) мен Іңкәрбек Әділхан (Семей).

Қазылар алқасының шешімімен бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 10 ақын финалда өз өнерлерін ортаға салып, шешендік шеберлік пен көрегенді көркем ой саптап, терең тіркесті сөздерімен айтыс өнерінің шебер үлгісін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені тараздық Рай Дөңбай, І орынды Ақтөбеден келген Айболат Көшкінбай иеленсе, ІІ орын көкшетаулық Нұрислам Әбділге, ал жүлделі ІІІ орын алматылық Ақбота Манарбекқызы мен павлодарлық Рауан Қайдаровтардың еншілеріне бұйырды.

Айтыс соңында сөз алған Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры, ҚР мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Құралай Ғазизқызы Идрисова айтыскер ақындарға ризашылығын білдіріп, оларды арнайы жүлдемен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.

«Театрлық көктем» атты театрлық шығармашылық байқауына қатысушыларды құттықтаймыз!!!

Құрылған күні: 2018.04.19 18:47:50

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері 2018 жылдың 12-13 сәуірінде РФ, Қорған қаласында өткен «Театрлық көктем» атты аймақтық театрлық шығармашылық байқауына қатысты. Студенттердің байқауға дайындаған режиссерлік жұмысы – Даниил Хармстың «2+2=1» аттракцион-спектаклі.

Колледж білім алушылары театрлық шеберлікті дамытуға қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен  таусылмас шығармашыл қуаты үшін «Әдеби спектакль» атты 1-ші дәрежелі лауреат Дипломымен марапатталды.Ақан сері атындағы мәдениет колледжі студентерінің жетекшісі Байдракова Дамира Маратқызы және қатысушылар А. Бектурганова, Д.Завадский, Э.Сердалина, Д. Шагатова, А.Кубашев, А.Женисова, Д.Едильбай, алдағы уақытта да шығармашылық белестерді бағындырыңыздар!!!

Шақыру

Құрылған күні: 2018.04.10 01:23:48

Құрметті Көкшетау қаласы тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді Ақмола облысы білім басқармасы және  Ақан сері атындағы мәдениет колледжі “Арқаның ақиығы – Ақан сері” атты республикалық жас ақындар айтысына шақырады.

Бөлісу