jjjjjjjjjjj

Көкшетауда WorldSkills Kazakhstan-2018 аймақтық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Құрылған күні: 2018.03.23 11:18:37

Жұмыс кәсібінің беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына жұмылдыру мақсатында және ұлттық, халықаралық талаптарды есепке алумен кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіру үшін 2018 жылғы 19 ақпан 15 наурыз аралығында Ақмола облысында WorldSkillsKazachstan – 2018 аймақтық чемпионаты өтті.

Аймақтық чемпионатқа 30 колледж, 96 сарапшы, 160 үміткер қатысты.  Оның ішінде 23-і чемпионат жеңімпазы атанды және алдағы уақытта Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына қатысатын болды.

15 наурызда чемпионат  жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Ақан сері атындағы мәдениет колледжі ұйымдастырып өткізді.

Жазығым не менің, мама?

Құрылған күні: 2018.03.23 11:15:45

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің сахнасында 2018 жылғы 14 наурызда  Ақан сері атындағы мәдениет коллежінің «Драма театры артисі» және «Театр ұжымының жетекшісі» біліктіліктерінің 3 курс  білім алушылары Тасболат Омаровтың жетекшілігімен қойылған «Жазығым не менің, мама?» сахналық қойылымын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызынының ұсынысымен  мектеп оқушыларына көрсетті.

Тәрбиелік мәні зор сахналық шығармада тастанды балалар, жетім қалған бүлдіршіндер, өмірге келмей жатып о дүниелік болған сәбилер көрермендермен тілдесіп, «Жазығым не?» – деп мұңын шағады. Яғни, шығармада өмірдің түрлі соқпақтарын бастан өткеріп, ата-ананың қамқорлығынсыз, аялы алақанның жылуынсыз қалған,  әке-шешесі қажет етпеген сәбилердің күрсінісі, толқынысы, монологы көрініс тапқан. Қазіргі күннің ащы шындығы бейнеленген туындыны көреремен қауым да ерекше тебіреніспен қабылдады.

Жастардың қоғамдағы өткір мәселелерге үн қосқаны, олардың жанайқайы көрермен жүрегін қозғағаны анық.

WorldSkillsKazachstan – 2018

Құрылған күні: 2018.03.23 11:06:33

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Киім дизайны» біліктілігінің 3-курс білім алушысы Сейтимова Аққу Қазыбекқызы және 2017 жылғы түлегі Сүлеймен Нұрия Сейфоллақызы «WorldSkillsKazachstan – 2018» аймақтық чемпионатына белсенді қатысып, сертификатқа ие болды.  Құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!

8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2018.03.23 10:59:45

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері мен түлектері өз оқытушыларын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ішінен ғажайып әуен естіліп, кербез би орындалған «Құпия бақтың» сиқырына батып,  нәзік жандар қызғалдақ гүлдері мен сыйлықтарға ие болды.

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Құрылған күні: 2018.03.05 17:15:46

2018 жылдың 20 ақпанында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына  орай ауған соғыс ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының әнұранының орындалуымен басталып, соғыста қаза болған ауған соғысының жауынгерлерін еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен жалғасын   тапты. Ауған соғысы  ардагерлерінің төрағасы,  полковник, Құрмет  орденінің   иегері Ы.Кәзібайұлы,  ауған соғысының  ардагерлері Ж.Құсайынов пен Ж.Өтебаевтар  қатысып,  ерлік істері жайлы естеліктерімен бөлісті. Бұл шараның мақсаты  – ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, опат болған жауынгерлер рухына тағзым ету, өскелең ұрпақты олардың есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Кездесу барысында ауған соғысы ардагерлері сөз сөйлеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Колледж студенттері А.Райхан, Д.Сүлейменов, Б.Қайырдосовтар патриоттық тақырыпта жүрек тебірентер әндер орындады. Кездесу соңында ауған соғысының ардагерлері колледждегі «Бауыржан Момышұлы» атындағы әскери-патриоттық клубының мүшелеріне әскери тіркеу куәліктерін табыс етті.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде дәстүрлі «Үздік ұстаз – 2018» байқауы өтті.

Құрылған күні: 2018.03.05 07:41:22

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде жыл сайын «Үздік ұстаз» байқауы өтеді. Биылғы жылы колледж ұстаздарының шеберлігінің сынына 5 пәндік комиссиядан 6 оқытушы қатысты:

Қажмұратова Алмагүл Қанатқызы – кітапхана және гуманитарлық пәндік комиссиясынан, қоғамдық пәндер оқытушысы;

Байманова Ботагөз Сейітзияқызы – кітапхана және гуманитарлық пәндік комиссиясынан, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

Таверхан Ерлан – жалпы пәндер пәндік комиссиясынан математика пәнінің оқытушысы;

Байдракова Дамира Маратқызы – бос уақытты ұйымдастыру пәндік комиссиясынан, мәдени демалыс қызметі пәнінің оқытушысы;

Хамидов Рафаэль Геннадьевич – хореографиялық пәндер пәндік комиссиясынан, хореграфия пәнінің оқытушысы,

Байленова Бижамал Ермекқызы – дизайнер пәндері пәндік комиссиясынан, арнайы пәндер оқытушысы.

Байқауға қатысушыларды бишілер прологы қарсы алып, құрмет көрсетті. Жүргізушілер қазылар алқасымен таныстырып өтті. Олар:

– Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Ақан сері атындағы

мәдениет колледжінің директоры Идрисова Құралай  Ғазизқызы бастаған колледж әкімшілігінің өкілдері.

Байқауға қатысқан оқытушылар жылдағыдай өздері жұмыс істемейтін топпен шеберлік сыныбын өткізді, «Өзін-өзі таныстыру», «Педагогикалық жағдаят», «Хобби» атты сын түрлерінен өтті. Ал оқытушылардың шеберлігінің нағыз көрсеткіші 28 ақпанда, колледж фойесінде ұйымдастырылған көрмеде болды.Ол көрмеде байқауға қатысқан әр оқытушының жұмысының жемісі көрсетілген:оқу-әдістемелік кешені, түрлі шараларға қатысуын растайтын сертификаттары, облыстық, қалалық, республикалық іс шаралар нәтижесі, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары, баспа беттерінде жарияланған мақалалары, ғаламтор жүйесіндегі байқаулар нәтижелері, т.б. бойынша фото-бейне-материалдар. Әр байқау сайын есеп комиссиясы қатысушылардың қорытынды баллдарын есептеп, жариялап отырды. Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша, колледждің  білім алушылары көрермен қауымға концерт ұйымдастырып, әдемі ән, би, күйлерін сыйлады. Байқаудың соныңда колледж директоры Идрисова Құралай Ғазизқызы қазылар атынан барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарды хабарлады. Залдағы көрермендер орындарынан тұрып қатысушы әрбір оқытушыны сый-сияпатпен, құрметпен шығарып салды.

«Ұздік ұстаз-2018» байқауының қорытындысы:

Бас жүлде иегері – Байманова Ботагөз Сейітзияқызы

1 орын – Ерлан Таверхан

2 орын – Байленова Бижамал Ермекқызы

3 орын – Байдракова Дамира Маратқызы

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің сегіз сырлы, бір қырлы ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Буктрейлер – оқырмандарды кітап оқуға шақырады

Құрылған күні: 2018.03.04 21:00:25

2018 жылдың 17 ақпанында Көкшетау қаласының Білім бөлімі Бейбітшілік  және келісім сарайында «Рухани жаңғыру» – «Үздік буктрейлер» атты жобаны бастады. Буктрейлер – белгілі бір кітап туралы көркем түрде әңгімелейтін қысқа бейнеролик. Бұл бейнероликтердің мақсаты – визуалды құралдар арқылы кітаптарға көңіл аудартып, жарнама жасау және оқуға үгіттеу. Ондай бейнероликтерге классикалық шығармалармен қатар заманауи кітаптар да түсіріледі.

Жобаға шақырылған құрметті қонақтардың қатарында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушылары Галина Алексеевна Рыбакова және Дмитрий Владимирович Бронников болды. Іс-шарада «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы,  көпшілік театрландырылған қойылымдар режиссері» мамандығы білім алушыларының (1 курс) Антуана де Сент- Экзюперидің танымал «Кішкентай ханзада» шығармасы бойынша дайындаған этюдтары көрсетілді. Жаңа үлгідегі қойылымы қатысушылар, сондай-ақ М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана сарапшылары тарапынан қызығушылық тудырды. Көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында буктрейлер дайындау үшін мәдениет колледжі мен әдебиет саласы мамандары арасында тығыз байланыс орнатылмақ.

Масленица

Құрылған күні: 2018.03.04 20:37:48

Колледж білім алушылары мен ұстаздары көңілді де қызықты, жалынды Масленица мерекесін ұйымдастырып, қысты шығарып салу мекеркесіне өздері де белсене қатысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қатысушылардың көңіл күйлері көктемнің жайма шуақ күніндей көтеріңкі болды.Жиналған қауым арасынан жастармен қатар еңкейген қарияға дейін ойындарға белсене араласты: қаппен жүгіру, арқан тарту,канатқа шығу, сыпырғыш лақтыру, бауға орау, қаппен күрес, т.б. Мерекенің басты сәті – көктемнің келуі мен күн көзінің символын білдіретін хоровод және «су бұрқағы».

Мерекеге «Педагог,мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдар режиссері» мамандығының 1-2 курс білім алушылары, сондай-ақ ұстаздары Байдракова Дамира Маратқызы, Бронников Дмитрий Владимирович  және Рыбакова Галина Алексеевна қатысты.

Құрметті Құралай Ғазизқызын құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2018.03.04 20:14:50

Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында Құралай Ғазизқызы Идрисоваға 2017 жылдың қорытындылары бойынша «Оқу-тәрбие процесінің сапасын аттыру, облыстың білім беру жүйесін дамытудағы баға жетпес үлесі үшін» Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Мысыріләмованың Алғыс хаты табысталды.  

Құрметті Құралай Ғазизқызы!  Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұжымы Сізді құттықтайды және мейірім, қуаныш пен шаттық, бақыт пен береке, мықты денсаулық тілейді.

Сіздің ықыласыңыз бен ұжымның ынтасы сәттілікпен бірге табыс әкелсін!

Құрметпен,
Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұжымы

Онлайн-сабақ. Теодор Драйзердің «Американдық трагедия» романындағы доллар культі

Құрылған күні: 2018.03.04 20:03:59

2018 жылдың 29 қаңтарында «Көкшетау қаласы,  Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МҚКК-де Ақмола облысы сессиясының www. 1.sabak.kz. сайтында онлайн-сабақ өтті.

Сабаққа 0400000 «Өнер және мәдениет» саласының техникалық және кәсіби білім мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының 15 колледжінің оқытушылары мен студенттері шақырылды.

  1. «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» МҚКК, Павлодар қаласы;
  2. «Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище» МҚКК, ШҚО, Семей қаласы;
  3. «Құрманғазы атындағы музыкалық колледж», МҚКК, Орал қаласы;
  4. «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі», МҚКК;
  5. «Сарқан гуманитарлық колледжі», МҚКК, Алматы облысы;
  6. «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі», МҚКК;
  7. «Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі», МҚКК;
  8. «Құрманғазы атындағы Жезқазған музыкалық колледжі», МҚКК;
  9. «Қаскелең өнер колледжі», МҚКК;
  10. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» МҚКК, Өскемен қаласы;
  11. «№2 индустриалдық-техникалық колледж» КММ, Степнагорск қаласы;
  12. «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі», МҚКК, Қостанай облысы;
  13. «М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі», МҚКК;
  14. «Қостанай педагогикалық колледжі», МҚКК, Қостанай облысы;
  15. «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі», МҚКК.

«Сот сабағы»  рольдік ойындар түрінде өтті. Оған орыс тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы Байманова Ботагөз Сейітзияқызының жетекшілігімен  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері»  мамандығының 4-курс студенттері қатысты.

Сабақтың тақырыбы: «Т.Драйзердің «Американдық трагедия» романындағы доллар культі».

Сабақтың мақсаты:

  • Теодор Драйзердің «Американдық трагедия» романының идеясы мен басты кейіпкерлерінің образдарын ашу;
  • Тұлғалардың іс-әрекетіне сараптама жасау және адамгершілік қасиеттерін бағалау;
  • Өз ұстанымын дәлелдей білу, қарсыласының ой-пікірін құрметтеу, ойын сабағының шешімін табу.
  • Романның басты кейіпкері Клайд Грифитстің трагедиялық өмірін, қатыгездігін, өзімшілдігін, қорқақтығын бейнелеудегі автордың шеберлігін көрсету.

Сабақта студенттер сот залындағы рольдерді бөліп алды:

  • айыптаушы (прокурор Ж.Кравченко);
  • қорғаушы (адвокат Ульяна Мазур);
  • адвокат көмекшісі (Кирил Федоров, Камила Жарылғасова, Алексей Белов, Камила Пшембаева);
  • сот хатшысы (Наталья Копнова);
  • айыптаушы куәгерлер (Татьяна Дитриченко, Вероника Коцюба);
  • қорғаушы куәгерлер (Андрей Радченко, Артем Друцкий, Диана Курмангалиева);
  • сот төрағасы (оқытушы Байманова Ботагөз Сейітзияқызы)

Айыпталушылар, қорғаушылар, тәуелсіз эксперттер, айғақтарды іздеу, оларды дәлелдеу өте қызықты және тартымды өтті. Т.Драйзердің «Американдық трагедия» романынан дәйекті сөздер алынды, сыни мақалалардан, рецензиялардан, автордың күнделігінен үзінділер келтірілді. Сабақта жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі, көрнекі құралдар, презентация, үлестірмелі материалдар қолданылды. Сабақтың қорытындысы, яғни рефлексия өте қызықты өтті. Әр студент өз ойын қағаз бетіне түсіріп, таразының бір жағына тартты. Жанна Кравченко, Вероника Коцюба және Андрей Радченко сабақта тақырып бойынша  синквейн жазды.  Вероника Кацюба мен Кирил Федоров екеуі романның басты кейіпкерлерінің монолгтарын оқыды.

Әлем әдебиетінен интегралды сабақ студенттердің қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытып, өмірмен байланыстыра білді. Себебі  әдебиет тұлғаны қалыптастырып, заманауи өмірге бейімдейді.

Бөлісу