jjjjjjjjjjj

Бірінші курстар үшін пайдалы кездесулер

Құрылған күні: 2018.10.10 12:35:11

2018 жылғы 10 қазанда 1 курс білім алушыларымен АНТ кездесуі өтіп, түсіндірме жұмысы өткізілді. Топ құрамына кірген ЖРО өкілдері «Жастар саясатының мүмкіндіктері» тақырыбында ақпарат берді, «ҚР әкімшілік және қылмыстық заңнамаларының кейбір нормалары» тақырыбында полицияның учаскелік инспекторы әңгіме өткізді, «Конфессияаралық қатынастарға талдау және  дамыту орталығы»  өкілдері білім алушыларға декструктивтік жалған діни ағымдардың пайда болу  қаупі мен формалары жайлы; Жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы айтып берді.  1-курс білім алушылары қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, кеңестер алды.

Ұстаздар күні лайықты аталып өтті

Құрылған күні: 2018.10.05 13:08:37

Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі – «Ұстаздар күні». Осынау ерекше күнді атап өту мақсатында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары  ұстаздарға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік кеш шымылдығын колледж директоры Қ.Идрисова ашып, оқытушыларды төл мерекесімен құттықтады. Қызметте белсенділік пен жоғары жетістіктерге жеткені үшін ҚР Білім және Ғылым Министрі Е.Сағадиевтің  алғыс хатымен бос уақытты ұйымдастыру пәнінің оқытушысы Г.Кочетованы марапаттаса, Ақмола облысы білім басқармасы басшысы Т.Жүнісовтің  құрмет грамотасы колледж психологы А.Үмбетоваға табыс етілді.

Мерекелік кеш соңы  студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасымен  жалғасын тапты. Білім алушылар ұстаздарға арнаған ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұстаз күні – 2018

Құрылған күні: 2018.10.03 14:18:46

Ақан ері атындағы жоғары мәдениет колледжінің Ұстаздар күніне арналған концерттің өткізілуіне жауапты болуы дәстүрге айналған.  3 қазан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Ұстаздардардың төл мерекесіне арналған үлкен іс-шара өтті. Мектеп формасын киген жоғары сынып  оқушылары шарлармен қарсы алған қонақтар қызыл кілемнен өтті.  Ғимарат фойесінде балалар суреттерінен тұратын тамаша экспозиция қойылды (Көкшетау қаласының балалар көркемсурет мектебі), «Ұстаздар күні-2018» атты баспасөз-қабырғасы орнатылды, көрермендер залының алдында «Мерекелік көңіл-күй!» театралдық-көркемдік перфоменс жұмыс істеді. Көрермендер залында тақырыптық музыка ойналып, LED-экраннан ұстаздарға бейнеқұттықтаулар көрсетілді. Түрлі-түсті шарлар,. шарфтар,  ленталар ұстаған  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері мерекелік  слогандармен ұстаздарды қарсы алды. Қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен орындарына жайғасты.

Прологтан кейін қонақтарды облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин құттықтап, облыстың үздік педагогтарын марапаттады.

Концерт барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «The best» тобының орындауында   «Озера доброты» әні, колледж білім алушыларының орындауында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»,  «Ауылым», «Вальс», «Don t  worry» әндері шырқалды. «Жаркын» халықтық би ансамблінің орындауында «Жастар биі» қазақ биі, «Самоцветы»  ансамблі  «Камаринская» орыс пляскасын және  «Авар биін»,      «Diamond» би ансамблі  «Стиляги» заманауи биін, аспаптық квартет Дәулеткерейдің  «Түркімен күйін» орындады.  Мерекелік концерт «Ұстазым» әнімен аяқталды.

Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған онкүндік

Құрылған күні: 2018.09.28 02:38:30

Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінде Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне  арналған онкүндік жоғары деңгейде өткізілді.

Он күн бойы білім алушылар да,  оқытушылар да  тіл мен шығармашылық әлеміне  қызықты, әрі танымды саяхаттың   куәгерлері және белсенді қатысушылары болды.

Бірінші күн. Қазақстан халқы  тілдері күніне  арналған онкүндік «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» салтанатты жиынмен ашылды.

Салтанатты жиын барысынды қабырға газеаттері көрмесінің ашылу рәсімі өткізілді.

Екінші күн. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Б.Т.Хамзина «Үш тұғырлы тілдің әлемі» зияткерлік ойынын өткізді. Ойынның мақсаты:  Елбасының  «Үштілділік» саясатын насихаттау, білім алушылардың қазақ тіліне, орыс тіліне, ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру.

Үшінші күн. «Тіл мерейі-ел мерейі!» деген тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы өтті. Cайысқа қатысушылар қазақ ақындарының патриоттық тақырыптағы өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Сайыстың келесі кезеңінде қазақ жазушыларының прозалық шығармаларынан үзінділер оқып, актерлік қабілеті мен дауыс мәнері сарапқа салынды.

Төртінші күн.  Орыс тілінде оқитын 1 курс білім алушылары өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетті. Сайысқа қатысушылар тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді, қанатты сөдерді жатқа айтып, берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнын толтыру сияқты тапсырмалар орындады. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 курс «Ана тілі» (Көпшілік қойылымдар ұйымдастырушы) тобы 1 орын, 1курс «Болашақ» (Педагог -Бишілер) тобы екінші орын, 1курс «Дизайнерлер» ДИ тобы 3 орынға ие болды.

Бесінші күн. 1-2 курс білім алушылары арасында «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тарихы» атты шығармалар сайысы қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы А.Қ. Ибрайханованың ұйымдастырылуымен өтті.  Білім алушылар қазақ тілінің қолданылу аясы  туралы өз ойларын жазып, толғандырған мәселелермен бөлісті.

Алтыншы күн. «Әлем ұлттарының ойындары» спорттық сайыстарын дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Н.Ш.Садыков ұйымдастырды. Білім алушылар ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетіп, барлық ойындарға белсене қатысты.

Жетінші күн. Үш тілді меңгерген білім алушылар арасында  «Тілдарын – 2018» олимпиадасы колледж білім алушыларының арсында үздік полиглоттарды анықтады. (Оқытушы – филологтар) Студенттер ықылас қойып  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінен білімдерін көрсетті.

Сегізінші күн. «Let’s speak English» білім алушылар арасында сыныптан тыс іс-шараны ағылшын пәнінің оқытушысы Волевач С.В.  өткізді. Ұйымдастырушылар сахналық қойылым дайындады.“Aboutmyself” және “Myworkingday” тақырыптары бойынша студенттер диалог құрастырып,  үздік білімдерін көрсетті. Іс-шара қатысушы қонақтардың көңілінен шықты. Оларға білім алушылардың белсенділігі және пәнге деген қызығушылығы ұнады.

Онкүндіктің жабылуы шеңберінде салтанатты жиын өткізіліп,  қорытынды жасалды, білім алушыларға дипломдар мен грамоталар тапсырылды.

Отбасы – өмір аясы

Құрылған күні: 2018.09.13 14:04:29

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Отбасы – өмр аясы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Аталған тәрбиелік шара Қазақстан Республикасында 2013 ж. бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін отбасы күнін мерекелеуге сабақтастырылды.

Сынып сағатының мақсаты «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Өз ісін білетін шығармашыл топ кураторларымен сынып сағатын өткізудің түрлі нысандары: әңгіме, диспут, талқылау, театрландырылған қойылымдар, сұрақтар мен жауаптар таңдалынып, олар түрлі тұсаукесерлермен, тақырыптық бейне-роликтер қараумен, өлеңдер, отбасы туралы аңыздар тыңдалып, логикалық жұмбақтарды табу және басқа да қызықты нысандар және жұмыс әдістерімен ілестірілді.

Жаңа оқу жылының басталуымен!

Құрылған күні: 2018.09.13 13:59:27

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  әкімшілік  және оқытушылардан құралған   ұйымшыл ұжымы  білім саласы қызметкерлерін оқу жылының басталуымен құттықтайды! Оқу жылы табысты болып,  шығармашылық өрлеу, қызықты идеялар мен тартымды істер көбейсін.

Оқу жылының басталуына байланысты, 2018 жылғы 3 қыркүйекте  колледж фойесінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел» аясында салтанатты тақырыптық жиын өтті. Колледж директоры және барша ұжым жаңадан қабылданған 1-курс студенттерін жылы шыраймен қарсы алып, өз қатарларына қабылдады.  Сол жиын колледж  білім алушыларына «Мен өз елімнің патриотымын» атты алғашқы сынып сағатымен жалғасты.

15 тамызда бос лауазымдарға байқау жарияланады.

Құрылған күні: 2018.07.26 10:45:47

Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

  1. Музыкалық пәндер оқытушысы (домбыра сыныбы, фортепиано сыныбы, баян сыныбы) (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Хореографиялық пәндер оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Демалыстану пәндері оқытушысы (мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру) (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Тарих және экономика пәндері оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Информатика пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Ағылшын тілі оқытушысы

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Математика пәні оқытушысы

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурстың қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», « », «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»  Заңдарын  және білім алушылардың білімі мен тәрбиесі туралы басқа нормативтік-құқықтық актілерді; психология және педагогика негіздерін; пәннің мазмұны мен оның тәжірибелік қолданылуын; негізгі технологиялық үрдістер мен мамандық саласы бойынша жұмыс тәсілдерін;  экономика және өндіріс пен басқарушылықты ұйымдастыру негіздерін;  Еңбек туралы Заңнама негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен прогрессивтік технологияларын; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік  ережелерін білуі керек.

  1. Костюмер

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Орта арнайы білімі және есеп пен  бақылау бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі, тауарлық-материалдық құндылықтардың стандарттары мен сақталуының техникалық шарттарын, тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталу және қаттау ережелері мен тәртіптерін, оларды есепке алу бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі керек.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140, 208 кабинетке келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) біліктілігін арттыру туралы сертификаттар көшірмесі, біліктілік санаты туралы куәлі көшірмесі (болған жағдайда)

6) еңбек кітапшасының көшірмесі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіткен күннен бастап, сұхбатқа жіберілген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Жамбыл көшесі 140 мекен-жайында орналасқан «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК-да  өтеді.

Конкурс  2018 жылғы  15 тамызда сағат  10.00-де  020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140 мекен-жайы бойынша Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде өтеді, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86,  e-mail: kkas140@mail.ru.

«Жоғары» мәртебе – колледж қызметінің лайықты бағасы!

Құрылған күні: 2018.06.26 18:31:16

№ А-6/248 31.05.2018 жылғы Ақмола облысы Әкімдігінің қаулысымен Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы мәдениет колледжіне «ЖОҒАРЫ» деген мәртебе берілді.

2017-2018 оқу жылының соңы студенттер мен оқытушылар үшін жағымды жаңалықтармен есте қалмақ. Себебі Ақан сері атындағы мәдениет колледжіне «ЖОҒАРЫ» деген мәртебенің берілуі     –  бұл оның қызметінің лайықты бағасы.

Колледж өзінің 63 жылғы тарихында мәртебесін бірнеше рет өзгертті: кітапхана техникумы, мәдени-ағарту училищесі, мәдениет училищесі, мәдениет колледжі, ал 2018 жылдың 31 мамырынан бастап «Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» деген атауға ие болды. Оқу орнының атауы сан мәрте өзгерсе де мәдениет колледжі қашанда заман талабына сай жұмыс істеп келе жатыр.

Колледждің ең негізгі нәтижесі – бұл 5 мамандық бойынша жүз мыңдаған түлектерді дайындап шығуы. Ол бірнеше мыңдаған кітапхана қызметкерлерін, драма театры актерлерін, халық аспаптар оркестрінің, театр және хореография ұжымдарының  жетекшілерін, дизайнерлерді оқытып шығарды. Мәдениет колледжі еліміздің, сонымен қатар көптеген жақын және алыс шет елдердің мәдениетіне өз үлесін қосып келеді.

Қазіргі уақытта Ақан сері атындағы мәдениет колледжі кәсіби мамандардың арқасында рухани мәдениетті қалыптастыруға және жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқаруда.

Колледждің оқытушылары мен білім алушылары қала мен облыстағы мәдени шараларға белсенді түрде ат салысуда, сонымен қатар орта мектеп, өнер және музыка мектептеріңде оқитын талантты балалармен мақсатты түрде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Колледждің «Жоғары» мәртебе атағын иеленуі Ақмола облысының кәсіби білім жүйесін дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтай түседі.

Студенттер мен оқытушыларға қуанышты хабарды колледж  директоры Құралай Ғазизқызы Идрисова жеткізді. Өзінің құттықтау  сөзінде колледж басшысы мемлекет өнер мен мәдениет саласының кәсіби мамандарына зәру екенін атап айтты.

Колледж бұдан әрі өзінің алдағы жоспарларына нық қадам басып, игілікті істерді жүзеге асыра беруіне тілектеспіз.

Диплом – 2018

Құрылған күні: 2018.06.26 18:14:06

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің түлектері соңғы емтихан сессияларын сәтті аяқтады.  Артта мамандық бойынша мемлекеттік емтихан қалды. Ал алдарында жаңа қызықты өмір күтіп тұр!

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің бітіруші түлектеріне төмендегі мамандықтар бойынша  диплом тапсырылды:

0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркемөнер шығармашылығы»;

0402000 «Дизайн (салалар бойынша)».

Колледже өз мамандығы бойынша 71 түлек диплом алып шықты. Олардың ішінде үшеуі үздік диплом иегерлері. Олар: Жанна Кравченко, Дариға Ермұхан және Зарина Ержанова. Жылдағы дәстүр бойынша колледждің мәдени және қоғамдық өміріне белсене қатысқан түлектер құрмет грамоталары және арнайы дипломдармен марапатталды.

Колледж директоры Идрисова Құралай Ғазизқызы бітіруші түлектерді оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға дипломдарын табыс етті. Өзінің құттықтау сөзінде бітірушілерге алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсулеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар кәсіби маман ретінде еңбек нарығында сұранысқа ие болатындарына сенім білдірді.

Колледж түлектері төмендегідей біліктілік бойынша білім алып шықты:

0403013-1 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» (оқыту орыс тілінде) – 17 адам;

0403013  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі» (оқыту мемлекеттік тілде) – 14 адам;

0403013-5 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері» (оқыту орыс тілінде) – 13 адам;

0403013-7 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» (оқыту мемлекеттік тілде) – 13 адам;

0402013-1«Интерьер дизайны» (оқыту мемлекеттік тілде) – 14 адам.

Диплом алу – кешегі студент өміріндегі ең елеулі сәттердің бірі. Себебі бұл ерекше  күнге  олар жылдар бойғы талмай оқу мен үздіксіз еңбектенудің арқасында жетті. Олай болса кешегі студент – бүгінгі түлек, яғни болашақ өз ісінің кәсіби маманы.

Түлектермен қоштасу  көңілге қимастық сезімін ұялатады, себебі олар колледждің үлкен жанұясының бір бөлшегіне айналып кеткен еді.

Ақ жол, түлектер демекпіз!

ШЕБЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ – БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

Құрылған күні: 2018.06.20 21:52:35

Қазіргі тез құбылмалы әлемде өмірдің барлық салаларында өзгерістер болып тұрады. Елімізде болып жатқан фундаменталдық өзгерістер білім беру жүйесін де айналып өткен жоқ. Білім берудің жаңа мақсаттары мен құндылықтары пайда болып, үзіліссіз білім беруге, оқыту технологиясын әзірлеу мен пайдаланудың жаңа тәсілдеріне көшу қажеттілігі туды.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі оқытудың озық инновациондық әдістерін энтузиазммен меңгеріп, оқу үдерісіне енгізу арқылы заман талабына сай қадам басуда. Үзіліссіз білім беру мен біліктілікті арттыру курстары арқылы педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіру заманауи білім жүйесінің басты өлшемдерінің бірі болып табылады.

Жоғары мәдениет колледжінің 27 оқытушысы 2018 жылғы 27 мамырдан бастап 29 маусымға дейін «Кәсіпқор» КЕАҚ ұйымдастыруымен өзекті білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтуде.

Біліктілікті арттыру курстарының басты мақсаты тәжірибелік білімді, іскерлік пен дағдыны, ТжКБ бағдарламаларын іске асыру бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Колледждің педагогикалық қызметкерлері Байманова Б.С., Баткульдина Р.Б., Кажмуратова А.К., Казиева Х.К., Байдракова Д.М. «Модульдік-құзыреттілік негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында, оқытушылар Актаева А.Е., Кусаинова К.М., Тукеева М.А., Никитенко В.В., Есенбекова Г.А. «ТжКБ ұйымдарында кредитті-модульдік оқыту технологиясын енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында, педагогикалық қызметкерлер Кадралиева Г.А., Хамзина Б.Т., Молдабаева Ж.Ж., Бабаева Д.Ж., Хамидов Р.Г., Калиева А.К., Нурмышева Н.Б, Умбетова А.Ж., Абдрахманова Б.Б. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтті.

Қазіргі уақытта педагогтар Иванова Л.П., Дюсекеев К.Т. және Байленова Б.Е. «CLIL әдістемесі: арнай пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтуде.

Фахрутдинова Н.М., Зайцева И.В., Ефименко А.В., Бронников Д.В., Рыбакова Г.А., Тукеева М.А., Сапабек Б.Н. сияқты оқытушыларымыздың күз айында біліктілікті арттыру курстарын өтуі жоспарланып отыр.

Бөлісу