jjjjjjjjjjj

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры Құралай Ғазизқызы Ыдырысованың «Біз алдымен берік бірлік, тиянақты білім және жанкешті еңбек арқылы ғана биіктерге қол жеткіземіз» атты мақаласы.

Құрылған күні: 2018.04.04 09:42:52

Бұл мақалада колледж директоры Құралай Ғазизқызы ұзақ жылдар бойы білім беру саласында бай тәжірибесі қалыптасқан, бүгінгі заманның сұранысына толық жауап беретін заманауи материалды-техникалық базасы нығайған колледжде төрт мамандық бойынша оқу үрдісінде ІТ технологияларды жіті пайдалана отырып, мамандар даярланатынын атап өтті.

Айтыс “Арқаның ақиығы – Ақан сері”

Құрылған күні: 2018.04.04 09:34:19

30.03.2018 ж. Ақан сері атындағы мəдениет колледжінің ұйымдастыруымен Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай “Арқаның ақиығы – Ақан сері” атты облыстық іріктеу айтысы өтті. Бұл айтыс 20 сәуірде «Достар» мəдениет сарайында өтетін жастардың республикалық айтысына қатынасатын ақындарды сараптау мақсатында ұйымдастырылды.  Сəтін салса сəуір айында республикамыздың түпкір-түпкірінен келетін 17-25 жас арасындағы аузымен құс тістеген ақындардың дүбірлі додасы өтеді. Осы айтысқа жолдама алған Мұхаммед Қонқай, Таңнұр Əлбосын, Ақынбай Сəрсенби, Нұрислам Əбділ  сияқты ақындарды құттықтаймыз. Іріктеу айтысында іркілмей ірі айтыс жасаған Нұртуған Серікұлына, Ажар   Қайырбекқызына, Жансая Қайымханға, Абзал Жұмабекке, Думан Саматұлына ерекше алғыс білдіреміз.

 

Айтысқа төрелік еткен Байқал Байəділ, Қуаныш Оспан,  Мерген Тоқсанбайлар қара қылды қақ жарды.

Айтысты жүргізу тізгінін қолға алған Абзал Балтабайдың да еңбегі зор.

Сонымен,  құрметті Көкшетаулықтар, айтыс сүйер барша ағайын,  бəріңізді 20-шы сəуір күні «Достар»  мəдениет сарайында өтетін жастардың республикалық жастар айтысына шақырамыз.

Шақыру

Құрылған күні: 2018.03.28 18:09:59

Колледж білім алушылары мен мектеп оқушыларын әйгілі ақын, композитор Ақан серінің 175 жылдығына арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

 

«Наурыз аруы»

Құрылған күні: 2018.03.24 08:52:54

19.03.2018 ж. Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамына  орай  ұйымдастырған «Наурыз аруы» атты қалалық байқауына  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктілігінің 3-курс білім алушысы Жагслаг Гүлғайша  және 1 курс білім алушысы Алтынай Бектасова қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Жагслаг Гүлғайша 3-ші орынға, Алтынай Бектасова «Дарынды ару»  номинациясына ие болды.

Құттықтаймыз!!!

Наурыз нақыштары

Құрылған күні: 2018.03.24 08:44:34

19.03.2018 ж. Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Интерьер дизайны» біліктілігінің 4 курс білім алушысы Төлеген Алишер Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы Әдебиет және өнер мұражайымен  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған  «Наурыз нақыштары»  атты студенттер арасында өткен жас суретшілер байқауында 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

Наурыз мейрамы!

Құрылған күні: 2018.03.23 11:32:52

19.03.2018ж.  колледжде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды.  Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз – Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұжымы осы ұлы мерекені ерекше атап өтті. Пәндік комиссия ұстаздары мен білім алушылары  Наурыз мерекесіне ерекше ықыласпен дайындалып, белсене қатысты.    Қазақтың салт дәстүрлерінен  көріністер қойылып, ұлттық ойындар ойнатылып, қара жорға биі биленді. Колледж білім алушыларына наурыз көже дайындалып, дастархан жайылды.

Жас Өнер: әлем мәдениеті жолында!

Құрылған күні: 2018.03.23 11:22:54

2018 жылғы  16-18 наурызда Көкшетау қаласында БҰҰ (ЮНЕСКО) «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы (2013-2022 жж.)» бағдарламасы бойынша Балалар мен жастар хореографиялық шығармашылығының «Рухани жаңғыру: балалық шақ игілігінің би мәдениеті» ұранымен «Жас Өнер: әлем мәдениеті жолында!» атты V фестивалі өтті.  Аталмыш Республикалық фестивальге қатысқан Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Диамант» заманауи би ансамблі кәсіби дайындығымен, ішкі харизмасымен, ұшқындаған жалынымен ерекшеленіп, 1-ші орынға ие болды. «Диамант» би шығармашылық ұжымын және жетекшісі Ефименко Анна Владимировнаны жеңістерімен құттықтаймыз!

Көкшетауда WorldSkills Kazakhstan-2018 аймақтық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Құрылған күні: 2018.03.23 11:18:37

Жұмыс кәсібінің беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына жұмылдыру мақсатында және ұлттық, халықаралық талаптарды есепке алумен кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіру үшін 2018 жылғы 19 ақпан 15 наурыз аралығында Ақмола облысында WorldSkillsKazachstan – 2018 аймақтық чемпионаты өтті.

Аймақтық чемпионатқа 30 колледж, 96 сарапшы, 160 үміткер қатысты.  Оның ішінде 23-і чемпионат жеңімпазы атанды және алдағы уақытта Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына қатысатын болды.

15 наурызда чемпионат  жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Ақан сері атындағы мәдениет колледжі ұйымдастырып өткізді.

Жазығым не менің, мама?

Құрылған күні: 2018.03.23 11:15:45

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің сахнасында 2018 жылғы 14 наурызда  Ақан сері атындағы мәдениет коллежінің «Драма театры артисі» және «Театр ұжымының жетекшісі» біліктіліктерінің 3 курс  білім алушылары Тасболат Омаровтың жетекшілігімен қойылған «Жазығым не менің, мама?» сахналық қойылымын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызынының ұсынысымен  мектеп оқушыларына көрсетті.

Тәрбиелік мәні зор сахналық шығармада тастанды балалар, жетім қалған бүлдіршіндер, өмірге келмей жатып о дүниелік болған сәбилер көрермендермен тілдесіп, «Жазығым не?» – деп мұңын шағады. Яғни, шығармада өмірдің түрлі соқпақтарын бастан өткеріп, ата-ананың қамқорлығынсыз, аялы алақанның жылуынсыз қалған,  әке-шешесі қажет етпеген сәбилердің күрсінісі, толқынысы, монологы көрініс тапқан. Қазіргі күннің ащы шындығы бейнеленген туындыны көреремен қауым да ерекше тебіреніспен қабылдады.

Жастардың қоғамдағы өткір мәселелерге үн қосқаны, олардың жанайқайы көрермен жүрегін қозғағаны анық.

WorldSkillsKazachstan – 2018

Құрылған күні: 2018.03.23 11:06:33

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Киім дизайны» біліктілігінің 3-курс білім алушысы Сейтимова Аққу Қазыбекқызы және 2017 жылғы түлегі Сүлеймен Нұрия Сейфоллақызы «WorldSkillsKazachstan – 2018» аймақтық чемпионатына белсенді қатысып, сертификатқа ие болды.  Құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!

Бөлісу