jjjjjjjjjjj

“Дидар”

Құрылған күні: 2023.05.26 21:04:50

Жақында өткен мәдениет және өнер қызыметкерлері күніне орай, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі дәстүрлі түрде өткізіп кележатқан “Дидар” актерлық және режиссерлық шеберлік бағытындағы театр байқауын өткіздік. Тартысты байқау өтті. Әр қойылым өз деңгейін де биік, өзінше қызықты болды. Конкурстың ашылу салтанаты колледжіміздің мәжіліс залында өтті. Байқауға әділ қазылық жасаған Қ.Р Мәдениет қайраткері актриса Кусайнова Жанар Сатыбалдықызы және Рыбакова Галина Алексеевна аға оқытушы, ал әділ қазылар Алқасының төреағасы мемлекеттік Дарын жастар төс белгісінің иегері, Ақмола облыстық орыс драма театрының директорының орынбасары Асхат Заутбекұлы төрелік етті. Байқаудың шымылдығын колледжіміздің 4 курс студенті Комис Олжастың режиссерлігімен қойылған “Адамға қанша жер керек” (Лев Толстой) қойылымы ашты, аталмыш қойылым театр өнерін шын түсінетін көрерменнің көңілінен шықты, келесі қойылым Орыс драма театрының сахнасында Қарағанда қаласының Тәттімбет атындағы колледжінің студенттерінің әкелген “Әйел Махаббаты” (М. Мағауин) қойылымы да көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, Степногорск қаласынан келген “Образ” студенттік ұжымы да “Сегіз әйел”, ” Красная шапочка” ертегісін сахналады бұл қойылымдар да өз жастарына лайық көрерменді баурай білді, колледжіміздің “EL jastar” театры Тасболат Омаровтың “Махаббат аллеясы” музыкалық драмасын өте әсерлі ойнап, керемет ойын үлгісін көрсетті. “Театр Көбейсе, түрме азаяды” деп ұлы ойтыл Шерхан атамыз айтқандай, студенттердің театрға деген махаббатын көріп, бойларындағы талантын тамашалап ертеңгі театр өнеріне нық сеніммен қарадық. Байқау қортындысы бойынша, жүлделі екінші орын Степногорск қаласы, жүлделі бірінші орын Қарағанды қаласы ал бас жүлдені “EL jastar” театры жеңіп алды. Үздік балалар қойылымы аталымын “Красная шапочка”, үздік режиссерлік жұмыс аталымын Комис Олжас жеңіп алды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сертификаттар мен медальдар таратылды. Барлық қатысушылар өнер алмасып, жаңа дос тауып қимай тарасты. Барлық қатысушылар мен көрермендерімізге театр ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз. Мәдениетіміз, жастарымыз лайым тек биіктерден көрінгей.

“Парад профессий”

Құрылған күні: 2023.05.23 08:25:18

Студентами Высшего колледжа культуры им. Акана серэ было организовано грандиозное событие: Парад профессий! По Набережной города Кокшетау торжественно шествовали студенты- хореографы, -театралы, -актёры,- дизайнеры! Яркие костюмированные образы привлекали к себе внимание горожан, а позитивный настрой и творческая энергия ребят заряжали всех окружающих хорошим настроением!

Спорт

Құрылған күні: 2023.05.23 16:23:33

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мәдени тәрбиемен қатар, студенттерді салауатты өмір салтына да бейімдеп қоғамдық өмірге белсенді түрде араластыруға бейімдейді. Нәтижеге жұмыс жасауды жолға қойған ұжымымыз да тағыда жақсы жаңалық. “Өзіңнен баста” атты облыстық жеңіл атлетикалық жүгіруден колледжіміздің 3 курс студенті Жильцова Оксана Васильевна қыздар арасында жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, колледжіміздің жас маманы денешынықтыру пәндерінің оқытушысы Кокенов Нуртлеу Нурболатұлы жүлделі үшінші орын иеленді. Спорттық байқауға бақ сынап жеңіс биігінен көрінген саңылақтарымызбен мақтанамыз! Жеңісті күндер көп болғай!

И хорошее настроение не покинет больше вас…

Құрылған күні: 2023.05.17 18:40:41

Талантливые студенты Высшего колледжа культуры имени Акана серэ отправились в «путешествие» в  центральный парк города Кокшетау в образах «Венецианская маска», «Зеркальный человек», клоунов, театральных шоуменов. Цель данной кампании – заинтересовать общественность  искусством и привлечь к обучению творческих молодых людей.

В парке  студенты организовали флешмоб, выступили с театральной  миниатюрой,  спели любимые всеми  песни под гитару.

Поездка  прошла плодотворно, многие посетители парка проявили  большой интерес к творчеству обучающихся нашего колледжа, с удовольствием фотографировались  с «героями в масках».

Основной принцип Высшего колледжа культуры имени Акана серэ: научить молодое поколение  правильному пониманию культуры, развить в них способности к собственному культурному росту и желание помочь в этом другим.

Поэтому наш колледж, который оказывает большое влияние на культурное развитие региона, планирует и в дальнейшем продолжать подобные культурно-познавательные встречи и выступления .

Культура должна стать частью  жизни каждого человека!

ART самғау 2023

Құрылған күні: 2023.05.16 10:10:41

Сәуір айының 26-28 күндері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің ұйымдастыруыменТемірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың 100 жылдығына арналып VI Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2023» фестиваль-байқауы өтті. Аталмыш байқауға колледжіміздің қыл-қалам шеберлері қатысып бақтарын сынап өздерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ұйымдастырушылар колледж басшысы Құралай Ғазизқызына өз алғыстарын білдіріп алғыс хатпен марапаттады.
Халықаралық байқау қатысың өңіріміздің намысын қорғап, өздеріне өшпестей тәжрибе жинаған колледжі студенттері мен оқытушыларға талмас талап тілейміз, сәттілік!

ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Құрылған күні: 2023.05.12 16:44:57

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хасамбай Кәкім Риянбекұлына 2023 жылғы 24 мамырға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 329186 (қабылдау бөлімі).

Жасыл мекен

Құрылған күні: 2023.05.13 16:43:01

“Бір тал кессең, он тал ек” деген атадан қалған аталы сөз барғой. Көкше өңірі биші қайың, қарағай, шыршаларымен танымал мекен. Бүгін “Төрт-тоқсан-төрт өнер” тұжырымдамасы аясында, “Жасыл мекен” челенджін қолдап Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы мен студенттері аулаға шығып көшеттер отырғызды. Іске кіріспес бұрын Ақан атамыздың рухына құран бағыштап, колледж басшысы Идрисова Құралай Ғазизқызы жастарға табиғатты аялау, ағаш отырғызу, оның бабын тауып баптау туралы оң кеңестерін айтты. Колледжіміздің ауласына еккен ағаштарымыз биіктей бой түзеп өсіп, баурайы жастарымызға сая болғай. Жасыл мекенде тек жақсылықтар болғай.

Колледж директоры

Құрылған күні: 2023.05.10 18:50:34

Өмірде әр адамның бағындырған белесі, өз деңгейінде шыққан жетістігі мен жеңістері болады. Біздің студенттердің жетістігі мен жеңісі Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжіне бақтары жанып оқуға түскендігінде. Жыл сайын колледжді тәмәмдаған аға-әпкелеріміз қазіргі таңда алды елге танымал мәдениет саласының үздіктері болса, кейінгілері жоғарғы оқу орындарының студенттері, кей бірі алыс жақын шетелдер мен қазақ даласының түкпір-түкпірінде белді мәдени қызыметкерлер. Бұның бәрі колледжіміздің директоры Идрисова Құралай Ғазизқызының арқасы. Олай дейтініміз Құралай Ғазизқызы колледждің босағасын аттаған әр студентке анасындай қамқор, шынайы жанашыр. Студенттің бойынан сәл өнердің ұшқынын көрсе қашанда жаңа мүмкіндіктер беріп, шынайы жол нұсқайды.
Құрметті Құралай Ғазизқызы сіз біздің өнердегі анамызсыз. Сіздің әр айтқан кеңесіңіз бен, жанашырлығыңыз біздің санамызға жаттаулы. Атақты батыр Бауыржан Момышұлы «Жақсы бастық – жарты бақыт» деген екен, тауып айтылған сөз. Сіздей өз жұмысына адал һәм қырағы тұлғаны көріп, көз алдында жүру бізге үлкен мектеп. Сіздің қайсар Ер мінезіңіз 7 мамыр 9 мамыр ерлік күндерінің ортасында тұспа-тұс келген туған күніңізден де аңғаруға болатындай. Құрметті Құралай Ғазизқызы сіз бақытты жансыз, себебі сізге шынайы жақсылық тілер қаншама руханияттағы ұл-қыздарыңыз бар. Сізге ұзақ ғұмыр, баянды өмір тілейміз! Біз сізді шынайы жақсы көреміз!

Ізгі тілекпен: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері.

Ақмола облысының мектеп оқушылары мен колледждер арасындағы әскери-патриоттық клубтар слеті

Құрылған күні: 2023.05.03 18:56:17

Ақмола облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен Ақмола облыстық патриоттық слеті жоғарғы деңгейде өтті. Ақмола облысының әкімі Маржықбаев Ермек Боранбайұлы патриот жастармен кездесіп, ізгі тілегін арнады. Слет соңында әскери шеруге қатысып, жүлделі орын алған колледждер ақшалай сертификаттармен марапатталды. Колледжіміздің «Тұмар» рухани-патриоттық қыздар клубы жүлделі бірінші орын жеңіп алғаны үшін облыс әкімі қолынан 300 мың теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталып, клуб командирі Бибінұр Қайырбекқызы жастардың атынан облыс әкіміне алғысын білдірді. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы патриот жастарымыз аман болғай. Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің ұжымы баршаңызды 7 мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Бөлісу