jjjjjjjjjjj

«Үздік педагог – 2018» байқауы

Құрылған күні: 2018.06.06 19:30:40

Облыстық «Үздік педагог – 2018» байқауында жүлделі І орынды Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Байманова Ботагөз Сейітзияқызы иеленді.

Мамыр айының 17-18 күндері өткен байқауда Ақмола облысының техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарынан  үздік деп танылған  21 оқытушы қатысып, бақтарын сынады. Байқаудың негізгі мақсаты – педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және шығармашылықпен айналысатын оқытушыларды марапаттау.

Сайыстың үш кезеңінде де Ботагөз Сейітзияқызы кәсіби біліктілігін көрсете білді: «Менің кәсіби ұстанымым» деп аталатын бірінші кезеңде оқытушы кәсіби тұрғыда   өзін-өзі жан-жақты  таныстырса, екінші шығармашылық кезеңде өзінің авторлық жұмыстары, сабақтарының ғылыми-әдістемелік әзірлемелері, оқу бағдарламалары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендері бойынша сайысқа түсті. Ал сайыстың үшінші кезеңінде сыныптан тыс жұмыстарының фото және видеоматериалдары ұсынылып, сарапқа салынды.

Байқау комиссиясының мүшелері педагогтың портфолиосымен танысып, педагогикалық басылымдарда  жарияланған жұмыстарын, сондай-ақ «Мен – заманауи педагогпын!» деген тақырыпта жазылған эссені бағалады.

Жасампаз және талантты оқытушылар бақ сынаған сайыста Ботагөз Сейітзияқызы өзінің биік шығармашылық қабілетімен ерекшелене білді. Жаңашыл әрі ізденімпаз оқытушыға әрқашан сәттілік тілейміз!

Педагогикалық инновациялар

Құрылған күні: 2018.06.06 19:24:07

Мамыр айының 18-і күні «Достар» мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Білім берудің педагогикалық инновациясының жаңа көкжиектері» деген атпен халықаралық форум болып өтті. Форумды ұйымдастырушы «Өрлеу» ҰБАОАҚ-ның филиалы. Педагогтардың таланты мен оны жүзеге асыруға деген құлшыныс, бірегей идеялар мен бастамалар – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы білімді жаңғыртудың негізгі іргетасы болып табылады.

Форумда «Кәсіби шеберлік пен оқытушының шығармашылық қабілеті – білім сапасын басқарудың тиімді баспалдағы» деген жобамен қоғамдық пәндер оықтушысы Кажмуратова Алмагүл Қанатқызы жүлделі ІІ орынға ие болды. Әріптесімізге шығармашылық табыстар мен ізденістер тілейміз!

АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ

Құрылған күні: 2018.06.06 15:45:54

«Творить и созидать» деген атпен облыстық филармония ғимаратында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттерінің есеп беру концерті өтті. Колледждің барлық мамандықтарының студенттері өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Олар: хореографтар, режиссерлар, драма театры әртістері, музыканттар, дизайнерлер, кітапханашылар. Концерттің қоюшы режиссері – сахна шеберлігі негіздері мен режиссураның тәжірибелі оқытушысы Галина Кочетова. Өзінің бітіруші курсымен бірге, яғни болашақ көпшілік театрландырылған қойылымдардың режиссерлары қалың көрерменге ерекше бағдарлама ұсынды.

Көрермендер би ұжымдарының орындауындағы билерді ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар: «Самоцветы» ансамбльінің «Камаринская» деп аталатын орыс биі, «Авар биі» (жетекшісі білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты балетмейстер-педагог А.Погорелый), «Жарқын» би ансамбльінің «Шабыт берген жетіген», «Жастар биі» (жетекшісі колледждің бітіруші түлегі Л.Саду). «Жарқын» ансамбльінің құрылуына ерекше еңбек сіңірген, кәсіби шебер, жоғары санатты балетмейстер-педагог Г.Ордабаеваның еңбегін ерекше атап өту орынды. Сондай-

страдалық биінің жетекшісі А.Ефименконың қойған «Стиляги» биі жастармен қатар үлкен буынның да көңілінен шыға білді.

Колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисованың басқаруымен оқытушылар мен студенттер үнемі шығармашылық шеберлік пен ізденіс үстінде. Осы мақсатта өз ісінің үздіктері және кәсіби мамандармен, атап айтқанда ҚазҰӨУ-нің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Кульбекова Айгүл Кеңесқызымен, өнер және мәдениет қайраткері, әлемдік деңгейдегі балетмейстер-педагог, Дағыстан Республикасы Махачкала қаласындағы мәдениет колледжінің оқытушысы Гаджи Иманалиевпен шығармашылық байланыс орнатуда. Осы педагогтардың шеберліктерінің арқасында колледж студенттері «Авар» және «Жастар биін» орындап шықты.

Концертте көп жанрлы музыкалық номерлер көпшілікке жол тартты. Атап айтар болсақ, өнер қайраткері Тұрлығожа Базаровтың жетекшілік етуімен қазақ халық аспаптар оркестрі, Ербол Базаровтың жетекшілігімен фольклорлық ансамбль, Дмитрий Бронниковтың басқаруымен «Амигос» аспаптық эстрадалық ансамбль, колледж оқытушылары Алла Павлиди мен Назгүл Тілеубаеваның жетекшілік етуімен вокалды дуэт, трио, квартеттер орындалды. М.Минковтың «Не отрекаются любя» деп аталатын әнін колледж студенті Андрей Коршунов терең тебіреніспен орындады.

Сондай-ақ Маржан Бөкешованың жетекшілігімен «Махаббат» деп аталатын қойылымды драма театры әртісі мамандығының студенттері орындап шықты. Қазақтың ұлттық киімдерінің дефилесін дизайн пәні оқытушылары Гүлжазира Хавдыразах, Қымбат Құсайынова, Маржангүл Тукеева, Гүлбаршын Сейітовалардың жетекшілігімен колледж студенттері көрсетті. Концерттің кіріспесі мен қорытынды бөлімінің хореографиялық қойылымын педагог-хореограф Рафаэль Хамидов дайындап, қалың көпшілікке тарту етті.

Концерттің негізгі лейтмотиві «Барлығы махаббаттан басталады» деген негізде өтті. Шығармашылық жетістіктердің қорытынды бөлімі Астана қаласының 20 жылдығына арналды.

ЖАҚСЫ КІТАП-ЖАН АЗЫҒЫ

Құрылған күні: 2018.06.06 00:47:56

Мамыр айының 15-і күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысы білім беру ұйымдарының арасында «Жақсы кітап – жан азығы» атты байқау болып өтті. Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға қаламыздағы мектеп пен орта және жоғары оқу орындарынан 35 команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІ орынды Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Маска» командасы (жетекшісі – Ғ.Аменова) жеңіп алды. Құттықтаймыз!

МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ

Құрылған күні: 2018.06.06 00:40:27

Мамыр айының 17-сі күні Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің  байқауы өтті. Байқауға Ақмола облысының аудандары мен Көкшетау қаласынан 9 үміткер  қатысып, бақтарын сынады. Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 3 ТҰЖ тобының білім алушысы Маханбетияр Жәнібек бірінші орынға ие болып, тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ, 3 АДТ тобының білім алушысы Жамшитов Бауыржан жүлделі 3-орынменмарапатталды. Шығармашылық ізденістер мен толағай табыстар тілейміз.

КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ

Құрылған күні: 2018.06.06 00:34:57

Мамыр айының 14-і күні Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің  байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талантты жастарды іздеп табу. Сайыс екі кезеңнен тұрды: 1. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу; 2. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу. Байқауға мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақтарын сынады. Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен 16 үміткердің арасынан Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 3 ТҰЖ тобының білім алушысы Маханбетияр Жәнібек бас жүлдеге ие болса, 3 АДТ тобының білім алушылары Жамшитов Бауыржан жүлделі 1-орынмен, Сәбит Ақжол 2-орынмен марапатталды. Жетекшілері – Айтжан Настаева, Жанар Құсайынова, Маржан Бөкешова. Студенттерімізге шығармашылық шабыт пен толағай жеңістер, жетекшілеріне жаңашылдық пен ізденістер тілейміз.

КОЛЛЕДЖ БІЛІМАЛУШЫЛАРЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Құрылған күні: 2018.05.29 01:19:25

Мамыр айының 14-і күні Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің  байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талантты жастарды іздеп табу. Сайыс екі кезеңнен тұрды: 1. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу; 2. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу. Байқауға мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақтарын сынады. Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен 16 үміткердің арасынан Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 3 ТҰЖ тобының білім алушысы Маханбетияр Жәнібек бас жүлдеге ие болса, 3 АДТ тобының білім алушылары Жамшитов Бауыржан жүлделі 1-орынмен, Сәбит Ақжол 2-орынмен марапатталды. Жетекшілері – Айтжан Настаева, Жанар Құсайынова, Маржан Бөкешова. Студенттерімізге шығармашылық шабыт пен толағай жеңістер, жетекшілеріне жаңашылдық пен ізденістер тілейміз.

Қауіпсіз интернет

Құрылған күні: 2018.05.29 01:15:37

Жаһандану заманында  ғылым мен техниканың дамуы қажет-ақ. Дегенмен дәл қазіргі жағдайда еліміздің ертеңгі болашағы, яғни жас ұрпақ мәселесі дегенде қайғылы жағдайлар жиілеп,  қайшылықтар туындауда.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде әртүрлі тақырыпта  көптеген іс-шаралар өтеді. Соның бірі интернет қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарлату мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз интернет» тақырыбына өткен іс-шара. Колледж білім алушылары арасында «Интернет және біз» тақырыбында 26 топта  сынып сағаты өтті. Информатика пәнінің оқытушысы Таверхан Ерлан «Пайдалы және қауіпсіз интернет» деген тақырыпта  дөңгелек үстел ұйымдастырды. Колледж кітапханашылары Хаджымуратова Айман Елюкеновна мен Нұрлыбекқызы Назерке  «Интернет орнына кітап» атты бір күндік акция өткізді. Кітапханашылар білім алушыларға кітап оқудың  артықшылықтарын атап, кітап адамның ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырумен қатар, жан мен тәннің саулығын жақсартатыны туралы дәлелдер келтірді. Білім алушыларға кітап оқу туралы кеңестер басылған ақпараттық парақшалар таратылды. Кітапхананың оқу залында оқырмандардың назарына белгілі жаушылардың шығармаларын, кәсіптік және әдеби журналдар ұсынылды. Басылымдармен жете танысқан студенттер оқу үшін әдеби көркем шығармалар кітаптарын жаздырып алды. Яғни, акция мақсатына жетті. «Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» деген атпен флеш-моб ұйымдастырылып, колледж жастары осы тақырыпқа өз ойларын ерекше білдіре білді. Колледж білім алушылары арасында компьютер мен смартфонда күніне неше сағат отыратындығын анықтау мақсатында колледж психологы Умбетова Айгерім Жасқайратқызы сауалнама жүргізіп,  топ жетекшілері өз шәкірттерінің ата-аналарымен үй жағдайында интернет-ресурстарды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізді.

Жастар тәрбиесіне өте қажетті және бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып табылатын «Қауіпсіз интернет» тақырыбы колледж білім алушылары арасында осылай кеңінен талқыланды.

Бөлісу