jjjjjjjjjjj

Құрметті Құралай Ғазизқызын құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2018.03.04 20:14:50

Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында Құралай Ғазизқызы Идрисоваға 2017 жылдың қорытындылары бойынша «Оқу-тәрбие процесінің сапасын аттыру, облыстың білім беру жүйесін дамытудағы баға жетпес үлесі үшін» Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Мысыріләмованың Алғыс хаты табысталды.  

Құрметті Құралай Ғазизқызы!  Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұжымы Сізді құттықтайды және мейірім, қуаныш пен шаттық, бақыт пен береке, мықты денсаулық тілейді.

Сіздің ықыласыңыз бен ұжымның ынтасы сәттілікпен бірге табыс әкелсін!

Құрметпен,
Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұжымы

Онлайн-сабақ. Теодор Драйзердің «Американдық трагедия» романындағы доллар культі

Құрылған күні: 2018.03.04 20:03:59

2018 жылдың 29 қаңтарында «Көкшетау қаласы,  Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МҚКК-де Ақмола облысы сессиясының www. 1.sabak.kz. сайтында онлайн-сабақ өтті.

Сабаққа 0400000 «Өнер және мәдениет» саласының техникалық және кәсіби білім мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының 15 колледжінің оқытушылары мен студенттері шақырылды.

  1. «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» МҚКК, Павлодар қаласы;
  2. «Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище» МҚКК, ШҚО, Семей қаласы;
  3. «Құрманғазы атындағы музыкалық колледж», МҚКК, Орал қаласы;
  4. «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі», МҚКК;
  5. «Сарқан гуманитарлық колледжі», МҚКК, Алматы облысы;
  6. «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі», МҚКК;
  7. «Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі», МҚКК;
  8. «Құрманғазы атындағы Жезқазған музыкалық колледжі», МҚКК;
  9. «Қаскелең өнер колледжі», МҚКК;
  10. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» МҚКК, Өскемен қаласы;
  11. «№2 индустриалдық-техникалық колледж» КММ, Степнагорск қаласы;
  12. «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі», МҚКК, Қостанай облысы;
  13. «М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі», МҚКК;
  14. «Қостанай педагогикалық колледжі», МҚКК, Қостанай облысы;
  15. «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі», МҚКК.

«Сот сабағы»  рольдік ойындар түрінде өтті. Оған орыс тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы Байманова Ботагөз Сейітзияқызының жетекшілігімен  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері»  мамандығының 4-курс студенттері қатысты.

Сабақтың тақырыбы: «Т.Драйзердің «Американдық трагедия» романындағы доллар культі».

Сабақтың мақсаты:

  • Теодор Драйзердің «Американдық трагедия» романының идеясы мен басты кейіпкерлерінің образдарын ашу;
  • Тұлғалардың іс-әрекетіне сараптама жасау және адамгершілік қасиеттерін бағалау;
  • Өз ұстанымын дәлелдей білу, қарсыласының ой-пікірін құрметтеу, ойын сабағының шешімін табу.
  • Романның басты кейіпкері Клайд Грифитстің трагедиялық өмірін, қатыгездігін, өзімшілдігін, қорқақтығын бейнелеудегі автордың шеберлігін көрсету.

Сабақта студенттер сот залындағы рольдерді бөліп алды:

  • айыптаушы (прокурор Ж.Кравченко);
  • қорғаушы (адвокат Ульяна Мазур);
  • адвокат көмекшісі (Кирил Федоров, Камила Жарылғасова, Алексей Белов, Камила Пшембаева);
  • сот хатшысы (Наталья Копнова);
  • айыптаушы куәгерлер (Татьяна Дитриченко, Вероника Коцюба);
  • қорғаушы куәгерлер (Андрей Радченко, Артем Друцкий, Диана Курмангалиева);
  • сот төрағасы (оқытушы Байманова Ботагөз Сейітзияқызы)

Айыпталушылар, қорғаушылар, тәуелсіз эксперттер, айғақтарды іздеу, оларды дәлелдеу өте қызықты және тартымды өтті. Т.Драйзердің «Американдық трагедия» романынан дәйекті сөздер алынды, сыни мақалалардан, рецензиялардан, автордың күнделігінен үзінділер келтірілді. Сабақта жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі, көрнекі құралдар, презентация, үлестірмелі материалдар қолданылды. Сабақтың қорытындысы, яғни рефлексия өте қызықты өтті. Әр студент өз ойын қағаз бетіне түсіріп, таразының бір жағына тартты. Жанна Кравченко, Вероника Коцюба және Андрей Радченко сабақта тақырып бойынша  синквейн жазды.  Вероника Кацюба мен Кирил Федоров екеуі романның басты кейіпкерлерінің монолгтарын оқыды.

Әлем әдебиетінен интегралды сабақ студенттердің қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытып, өмірмен байланыстыра білді. Себебі  әдебиет тұлғаны қалыптастырып, заманауи өмірге бейімдейді.

Сахна тілінен бақылау кесіндісі

Құрылған күні: 2018.03.04 19:52:42

Қаңтардың 18-і күні «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МҚКК-да «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнер шығармашылығы» мамандығының 4 курс  білім алушылары арасында сахна тілі пәнінен ҚР мәдениет қайраткері А.Настаеваның жетекшілігімен  директорлық бақылау кесіндісі өтті. Бақылау кесіндісінде студенттер  қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларынан үзінділер оқыды.

І бөлімде ақындардың поэзиялық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыса, ІІ бөлімде прозалық шығармалардан үзінділер оқыды. Поэзиялық бөлімде Ж.Хайымхан А.Табарактың «Сіз жоқсыз», А.Нұрланқызы М.Мақатаевтың «Сен бе едің?», А.Нұрбек Қ.Сариннің «Сезім», Х.Куйшыбаева Қ.Аманжоловтың «Қайдасың?», А.Сайлаухан Е.Ырзайдың «Сағыныш», А.Жуанышбай С.Жылқыбайдың «Сен мені сүйдің» өлеңдерін оқып, жоғары бағаға ие болды. Ал проза бөлімінде Б.Базарбек Ғ.Мүсіреповтің «Көздің монологы», А.Әлжан Е.Шайхыұлының «Жат ағаның монологы», А.Ердауке М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», А.Иманахметова Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана», А.Қалиев Н.Гогольдің «Осиптің монологы», А.Нурбек Н.Гогольдің «Хлестоковтың монологы», А.Нұрланқызы К.Гальдонидың «Қонақ үйдің қожасы» шығармаларынан үзінділер оқып, көрермендер көңілінен шыға білді. Білім алушылар шығармалардан үзінді оқып қана қоймай, оны жан дүниесімен түсініп, актерлық шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар оқыған  шығармаларын бүгінгі заманға сай ұтымды ұштастырды. Сахнада  сөйлеу аппаратының тазалығы, демді қалыптастыруы, дауыс кеңдігі ескеріліп, дауыс ырғағы мен мүмкіндіктері көрсетілді.

Батырхан Шүкеновке арналған тақырыптық театрландырылған кеш

Құрылған күні: 2018.03.04 19:35:08

2018 жылдың 17 қаңтарында «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МҚКК-да «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» мамандығының 4-курс студенттерінің Батырхан Шүкеновтің шығармашылығына арналған «Жүрегімнен шыққан сөз!» деген тақырыпта дипломдық жұмысы қойылды. Режиссура пәнінің оқытушы Кочетова Галина Леонидовнаның жетекшілігімен өткен бұл көрсетілім студенттердің шығармашылық ізденістерінің нәтижесі.

Қойылымның мақсаты – әнші әрі сазгер ретіндегі Батырхан Шүкеновтің шығармашылық жолымен таныстыру. Тақырыптық кештің сценарийі мен режиссері – студенттердің өздері. Осы қойылымның көрсетілуіне  студенттердің жазған хаты негіз болды. Кеш барысында Б.Шүкеновтің әндерін білім алушылардың өздері орындап, әр әнге қойылым көрсетті.

Белгілі сазгердің  репертуарынан «Дождь», «Не рассказывай», «Не любимая», «Осторожно, милая девушка», «Солдат любви», «Твои шаги», «Мне поможет весна», «Отан-ана», «Джулия» әндері шырқалып,  көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

Кеш көпшіліктің есінде ұзақ уақыт қаларлықтай өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Себебі Батыр өз әндерімен тыңдармандарына үміт пен махаббат, жылулық сыйлап кетті. Батыр әндері келер ұрпақпен мәңгі  жасай бермек.

Бөлісу