Сүйінші жаңалық! Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігінің студенттерінен құралған «Жарқын» халықтық би ансамблі — Павлодар қаласында өткен IV халықаралық «Жұлдызыңды жақ» атты ҚАЗАҚСТАН — РЕСЕЙ — БЕЛОРУССИЯ – БОЛГАРИЯ елдері қатысқан фестивальде «Халық биі» номинациясында Бас жүлде, «Стильдендірілген халық биі» номинациясында 1-орын, сонымен қатар «Жоғары кәсіби ұжым» номинациясымен марапатталды. Төрт мемлекеттен қатысқан 108 хореографиялық ұжымның ішінен суырылып шығып, осындай жоғары нәтижеге жету колледж үшін үлкен жетістік. Фестивальге жастарды бастап барған «Жарқын» халықтық би ансамблінің жетекшісі Гульмира Мерғалиқызы Ордабаеваға және колледжіміздің жас оқытушысы «Жарқын» халықтық би ансамблінің педагог — репетиторы Разалия Қайратқызы Фазылова колледж ұжымы атынан алғыс білдіреміз. «Би өнері – әлемнің рухани елшісі» деген сөз бар, фестивальдің мақсаты қатысушы елдер арасында көркем шығармашылықпен алмасу арқылы ұлтаралық байланыстарды дамыту. Аталмыш фестивальдің миссиясы орындалды деп сенеміз себебі мәдениет саласының өкілдері өзара бір сахнаны бөлісіп бір мақсатта өнер көрсетті. Алдағы уақытта да биші қыздарымызға биік белестер тілейміз.

 

Поделиться