Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 2010-шы жылғы түлегі Илья Григорьевич Карапыш бүгін өзі білім алған киелі шаңырағына қонақ болып емес азаматтық, адами міндетінен құтылғалы колледж табалдырығын аттады. Илья Григорьевич бізден қанаттанып түлеген нен кейін бүкіл Ресейлік байқаулар былай тұрып әлемдік аренаның назарын аударып би өнерінен бүкіл Европаны талантымен бағындырған азамат. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген тәлсім барғой, қанша атақ, абыройы өсседе, өзін қалыптастырып тұлға деңгейіне жетсе де өскен, өнген жерін ұмытпай құр келмей қасына «50» ге жуық кәсіби хореграф әріптестерін ерте келіп өнер алмасып, шеберлік сағатын өткізді. « Достық би көпірі» деп аталатын арнайы жоба аясында Челябинск қаласының Мэрінің қолдауына ие болып туған өлкесіне табан тіреді. Кездесу барысын да Көкше өңірінің талантты қызы колледжіміздің аға оқытушысы Ордабаева Гульмира Миргалиқызынан қазақ биінің қыр-сырын үйреніп, өздерінің ұлттық билерін ортаға салып тамаша өнер алмасу кешін өткізді. «Мәдениет-ұлттың мәйегі» деген мәйекті сөз барғой Ильяның айтуынша қазақ елінің мәдениеті мен оқыған, өскен жерін жүрген жерінде насихаттап, оң пікірлер айта жүредіекен . Жақсы адамнан ғана таза һәм хас өнер туады. Бүгінгі күн колледж студенттері мен оқытушылары на тамаша тәжрибе ұмытылмас ұтымды күн болды. Жүзі басқа болсада жүрегі бір, тілі басқа болсада тілегі бір Илья Григорьевичқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қазақ өнері жасасын.

 

 

Поделиться