Ақмола облысының білім басқармасының Абылай хан алаңына әз-Наурыз мейрамына орай тіккен қазақ үйінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұмыт болып бара жатқан «Ұрын келу» мен «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті. Ағыл тегіл келген адамдар қарасының көп болғаны соншалық , театрландырылған көріністерімізді көпшіліктің сұрауы бойынша 10 шақты рет қайталап көрсетіп, елдің ақ батасына бөлендік. Арнайы тігілген киіз үйге облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықбаев мырза да мейман болып келіп, жастардың өнерін тамашалап, қала халқымен суретке түсіп ізгі тілегін арнады.
Міне күн мен түннің теңелуімен қатар қасиетті рамазан айы келе жатыр. Барша жерлестерімізді Самарқанның көк тасы еріген көктем мерекесімен құттықтаймыз, бейбітшілік заман болып тәуелсіздік таңы арайлап ата берсін.

Поделиться