«Бір тал кессең, он тал ек» деген атадан қалған аталы сөз барғой. Көкше өңірі биші қайың, қарағай, шыршаларымен танымал мекен. Бүгін «Төрт-тоқсан-төрт өнер» тұжырымдамасы аясында, «Жасыл мекен» челенджін қолдап Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы мен студенттері аулаға шығып көшеттер отырғызды. Іске кіріспес бұрын Ақан атамыздың рухына құран бағыштап, колледж басшысы Идрисова Құралай Ғазизқызы жастарға табиғатты аялау, ағаш отырғызу, оның бабын тауып баптау туралы оң кеңестерін айтты. Колледжіміздің ауласына еккен ағаштарымыз биіктей бой түзеп өсіп, баурайы жастарымызға сая болғай. Жасыл мекенде тек жақсылықтар болғай.

Поделиться