2024 жылдың 26-ақпаны күні дизайн бөлімінің онкүндігі басталды.
Дизайн бөлімінің онкүндігінің алғашқы күні колледжі студенттерінің «Көктем» атты көрмесі ашылды. Көрмеге колледжіміздің киім және интерьер дизайны мамандығы бойынша білім алатын студенттердің шығармалары қойылды.
Майлы бояумен кенепке салынған суреттер өздерінің терең мағына, мазмұнымен, асқан шеберлігімен орындалған. Туған жердің және көрікті шетел табиғатын, әсем гүлдер көріністерін тақырып етіп алған жас шеберлер өз шығармаларымен көрермендерді баурады.
27-ақпан күні «Киім дизайны» мамандығының 4-курс білім алушыларына Хавдыразах Гүлжазира біз кесте әдісі бойынша шеберлік класс өткізді. Біз кесте — көнеден мұра болып келе жатқан өнердің бір түрі. Осындай атадан қалған асыл құндылықтарымызды дәріптеп, өнер сүйгіш жастарымызға үйрету мақсатында өткізілген шеберлік классы өте мазмұнды, қызықты өтті. Оқытушы қазіргі таңда Ақмола облысының өлкетану музейіне және тағыда басқа біз кесте әдісінде өзі орындаған бұйымдарымен бөлісе отырып, білім алушылардың көне әдіске деген қызығушылықтарын артыра түсті.
28-ақпан күні Құсаинова Қымбат Мұқанқызы 3-2 ИД тобында «Интерьер композициясы» бойынша «Интерьер – әрекет ортасы, қабылдау ортасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабақтың негізгі кезеңінде жобалар мен ойындар әдісін үйлесімді түрде біріктірді.
Сабақта студенттер интерьерді кеңістіктік орта, адам мекендейтін экожүйе ретінде қарастырды. Интерьер типологиясын талдау студенттердің қабылдау дағдылары арқылы жүргізілді. Студенттер талдау жасады, фактілерді салыстырды, жаңа материалдармен танысты.
29-ақпан күні Ибраев Ержан Амангелдіұлы «Адамның бас сүйегі» тақырыбында академиялық сурет бойынша 2-ИД тобымен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі кезеңінде бастың сүйек құрылымына ауызша анатомиялық талдау жүргізілді, физиология мен анатомияға байланысты өмірден мысалдар келтірілді. Оқытушы тақырыпты түсіндірген кезде интерактивті панельдегі сындарлы құрылысты айқын көрсетті және студенттердің назарын құрылымның ерекшеліктеріне аударды. Аудиториямен кері байланыс қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы көрініс тапты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.
29-ақпан күні өндірістік оқыту шебері — Мухаева Зайра Серікқызы «Киім дизайны» мамандығының 3-курс білім алушыларына киімді модельдеу — драпировка үлгісі бойынша шеберлік классын көрсетті.
1-наурыз күні өндірістік оқыту шебері Исрафилов Данир Надирович 3-1 ИД тобының білім алушыларына әйнекте лазерлік гравюра орындау бойынша шеберлік классын көрсетті.
Қымбат Мұқанқызының ұйымдастыруымен 4-наурыз күні шығармашылық кеңістігіміздегі жыл сайынғы «Artist talk» өтті. Оған 2 ИД тобының дизайнер-студенттері — Мұстафина Эльнара, Загороднева Светлана, Соколова Алена қатысты. Олар жарқын және есте қаларлық өнер жобаларын ұсынды, онда олардың әрқайсысының стилін дараландыру бойынша үлкен жұмыс көрінді.
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, сурет және кескіндеме пәнінің оқытушысы Ержан Амангельдинович білім алушылар шығармашылығы жайлы сөз сөйледі.
Кездесу барысында қыздар көрермендерді орындау техникалары жайлы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті, өйткені олардың әрқайсысы суретші ретінде ғана емес, батыл, ерекше және жеке тұлға ретінде де қызықты.
Іс – шараға бірінші курс дизайнерлері шақырылды. Авторлар көптеген жағымды пікірлер мен тілектерді естіді. Кездесу жылы, бейресми атмосферада өтті.
5-наурыз күні 2 КД тобында «Көктемнің хош иісі» атты атласты лентадан гүлдер жасау бойынша Учкина Вероника Павловна шеберлік класс өткізді. Студенттер лентаны бояуға арналған материалдар, жапырақшаларды жасау тәсілдері және бүршіктерді жинау ерекшеліктері туралы білді. Шеберлік класс қорытындысы бойынша оқушылар өздері де атластан Орхидея бұтағын сәтті орындады.
Сонымен қатар 5-наурызы күні «Киім дизайны» мамандығының 1-курс білім алушыларымен Мәмбетова Ұлболсын Сағындыққызы кәсіби модульдің «Композицияның заңдары мен құралдарын зерттеу» оқыту нәтижесі бойынша «Метрлік және ырғақты композиция» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар орындаған шығармаларға композициялық талдау жасалды. Жаңа тақырып бойынша метрлік және ырғақты композицияның қарапайым үлгілерімен қатар, әр түрлі дизайн түрлерінде қолдану мысалдары көрсетілді. Тақырыпты бекіту мақсатында білім алушылар композициялық тәсілдерге байланысты қызықты жаттығулар орындады.
5-наурыз күні «Дизайн саласындағы графикалық компьютерлік бағдарламаларды меңгеру» модулі бойынша 3-1 ИД тобымен «Кезең құрылымы» тақырыбында «Жоспарлау шешімі және оның құжаттамасы» бөлімі бойынша ашық сабақ өтті. Тукеева Маржангүл Акыжановна жоспарлау шешімінің не екенін, оның қандай тармақтардан тұратынын түсіндіріп, жоспарлау шешімінің кезеңдерін талдады. Сондай-ақ, «теңіз шайқасы» ойынының мысалында жоспарлау шешімінің негізгі принциптері зерттелді. Қорытындылай келе, алған білімдері практикалық жұмыстармен — пәтерді қайта құруға арналған техникалық тапсырмамен бекітілді.
6-наурыз күні колледж түлегі Кенжебеков Оралбек «Дизайн» мамандығының білім алушыларына «Дизайн – жоба және жеке өсу жобасы» тақырыбында шеберлік – класс өткізді.
Ол 3D модельдеуде дағдыларды дамыту, дизайнерді қазіргі заман шындығында кәсіби жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.
Шеберлік-класс жанды диалог форматында өтті және тыңдаушыларға өте пайдалы болды.
Дизайн бөлімінің онкүндігі халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау көрмесімен аяқталды.
Бөлім меңгерушісі: Мамбетова Ұлболсын Сағындыққызы