2020 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіне 0401013 «Кітапханашы» біліктілігі бойынша оқу үшін құжаттарды қабылдайды (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай).

2020 жылғы 21 шілдеден 25 шілдеге дейін оқуға түсушілерге арналған дайындық курстары.

Қабылдау емтихандарына негізгі орта білім алған (9 сынып) тұлғалар жіберіледі. Қабылдау емтихандары: 27 шілдеден 31 шілдеге дейін.

Колледжге түсу үшін құжаттар тізімі:
1. Білімі туралы құжаттың түп нұсқасы;
2. 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
3. № 086-у нысаны бойынша медициналық анықтама;
4. № 088-у нысаны бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Қабылдау емтихандары:
1. Қазақ тілі;
2. Әдебиет бойынша ауызша емтихан.

Колледжге түсушіге бюджеттік орын мен жатақханада тұруға кепілдік беріледі.

Анықтама үшін толық ақпаратты kkas.kz. колледж сайтынан алуға болады.

Анықтама үшін телефон: 8(716-2)32-91-86; 8-778-338-67-81; 8-777-035-24-57; 8-707-844-18-65.

https://www.instagram.com/tv/CA6xjR2gwxs/?igshid=15kyy6gsuuext

Поделиться