Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында 2022 жылдың 13-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы күніне орай Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығымен бірлесіп «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар өткізді.
Бұл семинарға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кітапханашысы Смакова Салтанат Жақсылыққызы мен 3 ТҰЖ тобының білім алушысы Бұғыбай Зарина қатысты. Семинар барысында Республиканың әр өңірлерінен келген студенттерге Қонаев қаласының мәдени орталықтарына саяхат жасап, мұражайлармен таныстырды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптар көрсетілді. «Кітапхана – қарым-қатынас және ақпарат көзі» тақырыбында секциялық отырыс болды.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастырған «Білгір кітапханашы — 2022» атты республикалық байқаудан Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кітапханашысы Смакова Салтанат Жақсылыққызы І-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Студенттер арасында өткен «Ең үздік эссе» сайысында еліміздің барлық өңірінен қатысқан 40 студенттер арасынан үздік танылған Бұғыбай Зарина төсбелгі және сертификатпен марапатталып, «Жылдам оқу» сайысынан 1 орынды иеленді.
Байқауға Бұғыбай Заринаны дайындаған «Парасат» клубының жетекшісі Қыдырбай Манарбекке алғысымызды білдіреміз.
#оқуғақұштарколледж #читающийколледж#

Поделиться