2022 жылдың 3 мамырында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жаңа өріс» құзыреттілік орталығының ұйымдастыруымен «Өнер және дизайн» саласы бойынша 11-18 жас аралығындағы облыстық қосымша білім беру ұйымдары мен мектеп оқушылары арасында «Junior Skills — 2022» өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш шараның мақсаты WorldSkills қозғалысының құралдары негізінде «Өнер және дизайн» саласы бойынша мектеп оқушыларының шығармашылық жетістіктерін анықтау, дарынды, шығармашыл оқушыларды қолдау.

Бұл байқауға Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің №11, 17-ші мектеп-гимназиялары, №6, 21-ші мектеп-лицейлері, №14 орта мектебі, әл-Фараби атындағы IT лицейі, балалар көркемсурет мектебі және Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі оқушылары қатысуға өтінім берді.

«Junior Skills-2022» өңірлік чемпионаты қатысушысушылары «Сән технологиясы», «Сырлау және сәндеу жұмыстары», «Интерьер дизайны», «Флористика», «Графикалық дизайн», «Сәнді киім және аксессуарлар дизайны» құзыреттіліктері бойынша бақ сынасады.

Junior Skills — бұл мектеп оқушыларына кәсіптер әлемін ашудың, қазіргі заманғы және болашақ кәсіби құзыреттер дағдыларын игерудің тамаша мүмкіндігі.

Осындай іс шаралар арқылы Өнер және дизайн саласы бойынша мамандықтардың танымалдылығы мен имиджін арттырып, балалардың көркем шығармашылығын дамытуға үлес қосамыз.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Поделиться