Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің талантты студенттері, түрлі театрлық мим маскалармен орталық саябаққа саяхатқа шықты. Аталмыш науқан мақсаты қоғамдық ортадағы көпшілікті өнерге қызықтырып, мәдениет саласыны қызығушылығы бар жастарды оқуға тарту. Саябаққа шыққан саяхатымыз нәтижелі болды, олай дейтініміз түскі демалыста серуендеп жүрген көпшілік қызығушылық білдіріп, кейіпкерлермен суретке түсіп, колледжімізге деген қызығушылығын арттырды. Саяхат барысында кейіпкерлеріміз флэшмоб билеп, шағын қойылым көрсетіп, жанды дауыста гитараның сүйемелдеуімен ән шырқады. Өңіріміздің мәдени дамуына үлкен ықпал жасап жүрген колледжіміз, алдағы уақыттада осындай мәдени, қызықты шерулерді жалғастырмақ жоспарланып отыр. Мәдениетіміз тек мәдениет үйлерінде емес, мәдени ошақтарда емес, өміріміздің бір бөлшегіне айналуы керек.

Поделиться