Өмірде әр адамның бағындырған белесі, өз деңгейінде шыққан жетістігі мен жеңістері болады. Біздің студенттердің жетістігі мен жеңісі Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжіне бақтары жанып оқуға түскендігінде. Жыл сайын колледжді тәмәмдаған аға-әпкелеріміз қазіргі таңда алды елге танымал мәдениет саласының үздіктері болса, кейінгілері жоғарғы оқу орындарының студенттері, кей бірі алыс жақын шетелдер мен қазақ даласының түкпір-түкпірінде белді мәдени қызыметкерлер. Бұның бәрі колледжіміздің директоры Идрисова Құралай Ғазизқызының арқасы. Олай дейтініміз Құралай Ғазизқызы колледждің босағасын аттаған әр студентке анасындай қамқор, шынайы жанашыр. Студенттің бойынан сәл өнердің ұшқынын көрсе қашанда жаңа мүмкіндіктер беріп, шынайы жол нұсқайды.
Құрметті Құралай Ғазизқызы сіз біздің өнердегі анамызсыз. Сіздің әр айтқан кеңесіңіз бен, жанашырлығыңыз біздің санамызға жаттаулы. Атақты батыр Бауыржан Момышұлы «Жақсы бастық – жарты бақыт» деген екен, тауып айтылған сөз. Сіздей өз жұмысына адал һәм қырағы тұлғаны көріп, көз алдында жүру бізге үлкен мектеп. Сіздің қайсар Ер мінезіңіз 7 мамыр 9 мамыр ерлік күндерінің ортасында тұспа-тұс келген туған күніңізден де аңғаруға болатындай. Құрметті Құралай Ғазизқызы сіз бақытты жансыз, себебі сізге шынайы жақсылық тілер қаншама руханияттағы ұл-қыздарыңыз бар. Сізге ұзақ ғұмыр, баянды өмір тілейміз! Біз сізді шынайы жақсы көреміз!

Ізгі тілекпен: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері.

Поделиться