ТАЖ Лауазымы, жұмыс орны   Аннотация
1 Актаева Ақмарал Ермекқызы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК, директордың  ОӘБ бойынша орынбасары «Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi»  құрмет дипломымен марапаттауға ұсынылады

 

          Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде өзектендірілген ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеушісі (маусым-тамыз, 2020 ж.)

ТжКБ мамандықтары бойынша, Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеушісі (жұмыс тобының құрамында, 2021 ж.),

Қазақстан Республикасы колледждерінің білім беру бағдарламаларының сараптамасы (2022 ж.),

Ақмола облысының ТжКБ жүйесінің химия пәні оқытушыларына арналған Жаңартылған білім мазмұнына, Республикалық каталогы үшін қашықтықтан оқыту режимінде бейнесабақтарды әзірлеу (28. 09. 2020 ж.),

Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық ОӘК тапсырмасына сәйкес сараптамалық топ құрамында Ақмола облысының педагог қызметкерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау бойынша жұмыстардың сараптамасына қатысты  (2021ж.).

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Химия» жалпы білім беру пәні бойынша Ақмола облысы колледждері оқытушыларының біліктілігін арттыру курсының тренері (10.08.2020-21.08.2020)

«Қазақстан кәсіпқоры» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Көмірсулар және олардың дизайнды жасаудағы рөлі» тақырыбында мақала жариялау ( № 3 – 2015 жыл)

«Мұғалімдер сыйы» халықаралық білім беру сайтының «педагогтар өз тәжірибелерімен бөліседі»қашықтық жобасына қатысу. Әдістемелік әзірлемелерді жариялау. Алтын сертификат № 283 (31.03.2017 ж.), «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сараптауға қатысу, 2019 ж., ТжКБ мамандықтары бойынша оқу құралдарының сапасын бағалау және рецензиялауға қатысу, 2019 ж.

 

2 Мәмбетова Ұлболсын Сағындыкқызы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК, дизайн пәндері о0ытушысы Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен марапаттауға ұсынылады «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр біліктілігінің орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарының жобасын әзірлеу, «Кәсіпқор «Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, кәсіптік білім беру орталығы, 2019ж.

2021 жылғы 31 мамырдан 10 маусымға дейін Нұр-сұлтан қаласында «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК «Дизайн (бейіні бойынша)» мамандығына «Композиция» пәнінен тест тапсырмаларының базасын әзірлеу.

2022 жылғы Астана қаласында «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК «Бейнелеу өнерінің тарихы», «Қазақстанның бейнелеу өнерінің тарихы» пәндері бойынша қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастыруы.

2023 жылғы Алматы қаласында «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК «Киім дизайны», «Интерьер дизайны» мамандықтарына «Композиция» пәнінен тест тапсырмаларының базасын әзірлеу.

«Жас маман» жобасы шеңберінде 02120100 — «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша шетелдік бағдарламалар мен НҚА жобалары негізінде жұмыс оқу бағдарламасының жобасын әзірлеуші, 2021ж.

«Жас маман» жобасы шеңберінде 02120200 «Киім дизайны» мамандығы бойынша шетелдік бағдарламалар мен НҚА жобалары негізінде жұмыс оқу бағдарламасының жобасын әзірлеуші, 2021ж.

«Сурет негіздері» оқу құралын әзірлеуші, 2022ж.

Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының шығармашылық бағыттағы оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің облыстық вебинарда баяндама жасауы, 2022ж.

Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  беру ұйымдарының жетекші педагогтерініе арналған облыстық семинар-практикумда баяндама жасауы, 2023ж.

Жұмысы облыстық деңгейде үздік педагогикалық инновация, идея және тәжірибе ретінде танылған, жалпыланған және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде трансляциялау үшін қабылданған, 2023ж.

 

 

Поделиться