Мұзбалақ ақын Мұқағали барша қазақ жұртының жүрегінен ойып орын алғаны анық. Өткен апта күллі қазақ Мұқағалидың туған күніне орай үлкенді-кішілі рухани іс-шаралар өткізді. Осынау мәдени шараларға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі де өз үнін қоспақ ниетпен тамаша бастаманы қолға алды. Колледж жанынан құрылған “ЕL-jastar “ театрының репертуары тағы да бір тамаша дүниемен толықты. Колледж оқытушысы — Нұрислам Әбділдің режиссерлік кезекті жұмысы жаңа қырынан көрерменге жол тартпақ. “Мен деп ойла…” атты поэтикалық кеші көрерменге рухани азық сыйлары сөзсіз. Кеше 15 і ақпанда колледж әкімшілігіне жабық көрсетілген театрландырылған кештің жуырда арнайы ПРЕМЬЕРАСЫН өткізбек ниеттеміз. Бұл қойылым кеше ғана көркемдік кеңеске тапсырылып, бүгін 16-ақпанда Көкшетау қалалық жоғары техникалық колледжінде көрермен алдында сахналанды. Алдағы уақытта барша театрсүйер, өнерсүйер көрерменді арнайы тұсаукесердің көрсетіліміне шақырамыз. Көрерменнің эстетикалық мәдениетін көтеретін театрландырылған жартылай лекция кеші сіздерге жол тартуға әзір.
Сүйінші жаңалықтың сәті мен күні туралы тағы да құлағдандыратын боламыз. Премьерада жолыққанша амандықта, саулықта болыңыздар!

Поделиться