Сағат Әшімбаев айтқандай бойдағы өнерді болашақпен,келешекпен бөлісу мақсатында, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі маусым айының бірі күні, Тәуелсіздің алаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арнап естен кетпес керемет концерт өткізді. Концерттің мақсаты колледжімізді көпшілікпен таныстырып, насихаттау және көрерменге керемет көңіл күй сыйлау. Колледжіміздің талантты әншілері, мың бұралған бишілері саябақта жүрген адамдардың назарын аударып, сахна маңына топтастырды. Қуана соғылған патша көңілді көрерменнің әр шапалағы, біздің студенттерге берген ақ батасы деп түсіндік. Қазақ өнері, қазақ мәдениеті жасай берсін. Мәдениет колледжінің негізгі мақсаты , өңіріміздің өнерін өлтірмеу, мәдениетін дәріптеу. Біздің талантты жастар, жас талапкерлермен киелі сахнаны бөлісуге қашанда дайын.

Поделиться