Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының «SILK WAY GREATIVE GAMES» XIV Ұлттық жастар Дельфий ойындарына Лев Толстойдың «Адамға қанша жер қажет» повесінің желісі бойынша қойылған спектакльмен қатысқан Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог, мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктілігінің 3 және 4 курс білім алушылары «Театр өнері» номинациясы бойынша жүлделі І-ші орынға ие болды. Режиссері колледждің 2023 түлегі Комис Олжас. Жүлделі орын құтты болсын! Өнерпаз жастарымыз әрқашан биіктен көріне берсін!

Поделиться