jjjjjjjjjjj

Республиканский конкурс режиссёрского и актерского мастерства «Дидар»

Дата создания: 2023.05.26 21:06:28

26 мая 2023 года «Высший колледж культуры имени Акана серэ, города Кокшетау», как Республиканское учебно-методическое объединение профиля «Искусство и гуманитарные науки» провёл Республиканский конкурс режиссерского и актерского мастерства «Дидар», в рамках празднования Дня работников культуры и искусства. Цель конкурса: обмен опытом и укрепление творческих контактов между профильными колледжами; сохранение и развитие культурного потенциала, приобщение молодежи к театральному искусству.
В конкурсе приняли участие театральные коллективы городов Караганда, Степногорск, Кокшетау: студенческий театр «Perimetri» (ГККП «Карагандинский колледж искусств имени Таттимбета»), студенческий театр «Образ» (ГККП «Высший колледж г. Степногорска при управлении образования Акмолинской области»), театр «Городок» (Центр творческого развития «Алау»), лабораторный экспериментальный молодежный театр «El jastar», лабораторный молодежный театр “Іnfinity” (ГККП «Высший колледж культуры имени Акана серэ, г. Кокшетау»).
Театральные коллективы исполняли свои постановки на профессиональной сцене Акмолинского русского драматического театра, что позволило студентам проникнуться атмосферой большого зала.
Мероприятие было захватывающим, зрелищным, начиная с открытия и ярких концертных номеров до завершения выступлений, все получили незабываемые эмоции и впечатления.
Профессиональное жюри, в лице деятелей культуры Республики Казахстан, режиссёров, актёров по достоинству оценило постановки театральных коллективов за оригинальность режиссёрского решения, художественное и музыкальное оформление спектакля, исполнительское мастерство молодых исполнителей.
Места распределились следующим образом:
Гран-при завоевал лабораторный экспериментальный молодежный театр «El jastar» Высшего колледжа культуры им. Акана серэ. Студенты представили спектакль «Махаббат аллеясы», автор инсценировки и режиссер- заслуженный деятель искусств, режиссер, доцент Казахской Национальной Академии искусств им. Т.К. Жургенова Тасболат Омаров;
1-е место — студенческий театр «Perimetri» Карагандинского колледжа искусств имени Таттимбета. Театральный коллектив привез спектакль «Әйел махаббаты» (автор Мухтар Магауин);
2-е место — студенческий театр «Образ» Высшего колледжа г. Степногорска при управлении образования Акмолинской области. Студенты представили детективную комедию «Восемь любящих женщин» по произведению Робера Тома.
Номинации: «Үздік режиссура» — лабораторный молодежный театр “Іnfinity” (Л. Н.Толстой «Адамға қанша жер қажет?»); «Лучший детский спектакль» — театр «Городок» (Астраханцев С. «Красная шапочка»).
Желаем участникам в дальнейшем творческих успехов, новых креативных идей и побед!

«Парад профессий»

Дата создания: 2023.05.24 08:29:28

Студентами Высшего колледжа культуры им. Акана серэ было организовано грандиозное событие: Парад профессий! По Набережной города Кокшетау торжественно шествовали студенты- хореографы, -театралы, -актёры,- дизайнеры! Яркие костюмированные образы привлекали к себе внимание горожан, а позитивный настрой и творческая энергия ребят заряжали всех окружающих хорошим настроением!

Спорт

Дата создания: 2023.05.23 16:24:54

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мәдени тәрбиемен қатар, студенттерді салауатты өмір салтына да бейімдеп қоғамдық өмірге белсенді түрде араластыруға бейімдейді. Нәтижеге жұмыс жасауды жолға қойған ұжымымыз да тағыда жақсы жаңалық. «Өзіңнен баста» атты облыстық жеңіл атлетикалық жүгіруден колледжіміздің 3 курс студенті Жильцова Оксана Васильевна қыздар арасында жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, колледжіміздің жас маманы денешынықтыру пәндерінің оқытушысы Кокенов Нуртлеу Нурболатұлы жүлделі үшінші орын иеленді. Спорттық байқауға бақ сынап жеңіс биігінен көрінген саңылақтарымызбен мақтанамыз! Жеңісті күндер көп болғай!

Кейіпкерлер келбеті

Дата создания: 2023.05.17 18:43:18

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің талантты студенттері, түрлі театрлық мим маскалармен орталық саябаққа саяхатқа шықты. Аталмыш науқан мақсаты қоғамдық ортадағы көпшілікті өнерге қызықтырып, мәдениет саласыны қызығушылығы бар жастарды оқуға тарту. Саябаққа шыққан саяхатымыз нәтижелі болды, олай дейтініміз түскі демалыста серуендеп жүрген көпшілік қызығушылық білдіріп, кейіпкерлермен суретке түсіп, колледжімізге деген қызығушылығын арттырды. Саяхат барысында кейіпкерлеріміз флэшмоб билеп, шағын қойылым көрсетіп, жанды дауыста гитараның сүйемелдеуімен ән шырқады. Өңіріміздің мәдени дамуына үлкен ықпал жасап жүрген колледжіміз, алдағы уақыттада осындай мәдени, қызықты шерулерді жалғастырмақ жоспарланып отыр. Мәдениетіміз тек мәдениет үйлерінде емес, мәдени ошақтарда емес, өміріміздің бір бөлшегіне айналуы керек.

ART самғау 2023

Дата создания: 2023.05.16 10:10:54

Сәуір айының 26-28 күндері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің ұйымдастыруыменТемірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың 100 жылдығына арналып VI Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау — 2023» фестиваль-байқауы өтті. Аталмыш байқауға колледжіміздің қыл-қалам шеберлері қатысып бақтарын сынап өздерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ұйымдастырушылар колледж басшысы Құралай Ғазизқызына өз алғыстарын білдіріп алғыс хатпен марапаттады.
Халықаралық байқау қатысың өңіріміздің намысын қорғап, өздеріне өшпестей тәжрибе жинаған колледжі студенттері мен оқытушыларға талмас талап тілейміз, сәттілік!

ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Дата создания: 2023.05.12 16:46:37

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хасамбай Кәкім Риянбекұлына 2023 жылғы 24 мамырға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 329186 (қабылдау бөлімі).

Жасыл мекен

Дата создания: 2023.05.13 16:44:30

«Бір тал кессең, он тал ек» деген атадан қалған аталы сөз барғой. Көкше өңірі биші қайың, қарағай, шыршаларымен танымал мекен. Бүгін «Төрт-тоқсан-төрт өнер» тұжырымдамасы аясында, «Жасыл мекен» челенджін қолдап Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы мен студенттері аулаға шығып көшеттер отырғызды. Іске кіріспес бұрын Ақан атамыздың рухына құран бағыштап, колледж басшысы Идрисова Құралай Ғазизқызы жастарға табиғатты аялау, ағаш отырғызу, оның бабын тауып баптау туралы оң кеңестерін айтты. Колледжіміздің ауласына еккен ағаштарымыз биіктей бой түзеп өсіп, баурайы жастарымызға сая болғай. Жасыл мекенде тек жақсылықтар болғай.

Колледж директоры

Дата создания: 2023.05.10 18:50:53

Өмірде әр адамның бағындырған белесі, өз деңгейінде шыққан жетістігі мен жеңістері болады. Біздің студенттердің жетістігі мен жеңісі Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжіне бақтары жанып оқуға түскендігінде. Жыл сайын колледжді тәмәмдаған аға-әпкелеріміз қазіргі таңда алды елге танымал мәдениет саласының үздіктері болса, кейінгілері жоғарғы оқу орындарының студенттері, кей бірі алыс жақын шетелдер мен қазақ даласының түкпір-түкпірінде белді мәдени қызыметкерлер. Бұның бәрі колледжіміздің директоры Идрисова Құралай Ғазизқызының арқасы. Олай дейтініміз Құралай Ғазизқызы колледждің босағасын аттаған әр студентке анасындай қамқор, шынайы жанашыр. Студенттің бойынан сәл өнердің ұшқынын көрсе қашанда жаңа мүмкіндіктер беріп, шынайы жол нұсқайды.
Құрметті Құралай Ғазизқызы сіз біздің өнердегі анамызсыз. Сіздің әр айтқан кеңесіңіз бен, жанашырлығыңыз біздің санамызға жаттаулы. Атақты батыр Бауыржан Момышұлы «Жақсы бастық – жарты бақыт» деген екен, тауып айтылған сөз. Сіздей өз жұмысына адал һәм қырағы тұлғаны көріп, көз алдында жүру бізге үлкен мектеп. Сіздің қайсар Ер мінезіңіз 7 мамыр 9 мамыр ерлік күндерінің ортасында тұспа-тұс келген туған күніңізден де аңғаруға болатындай. Құрметті Құралай Ғазизқызы сіз бақытты жансыз, себебі сізге шынайы жақсылық тілер қаншама руханияттағы ұл-қыздарыңыз бар. Сізге ұзақ ғұмыр, баянды өмір тілейміз! Біз сізді шынайы жақсы көреміз!

Ізгі тілекпен: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері.

Областной слёт военно-патриотических клубов школ и колледжей

Дата создания: 2023.05.03 18:06:04

3 мая 2023 года в областном центре прошел конкурс строя и песни, посвященный Дню защитника Отечества. В нем приняли участие студенты организаций технического и профессионального образования региона. По итогам конкурса военно-патриотический клуб «Тумар» Высшего колледжа культуры имени Акана серэ, состоящий из девушек, заслуженно занял первое место, традиционно пополнив яркой победой копилку творческих достижений колледжа.
На высоком уровне также выступил военно-патриотический клуб юношей имени Бауыржана Момышулы, положительно зарекомендовав себя, и показав прекрасную строевую подготовку.
Награждение победителей конкурса состоялось 5 мая 2023 года во дворце «Болашақ сарайы», где проходил Областной слет военно-патриотических клубов школ и колледжей Акмолинской области. Команда девушек Высшего колледжа культуры имени Акана серэ за первое место получила денежный сертификат на сумму 300 тысяч тенге из рук акима Акмолинской области Маржикпаева Ермека Боранбаевича.
Мы гордимся нашим девушками и юношами, которые наряду с участием и блестящими победами в творческих конкурсах различного уровня, активно участвуют и в патриотических проектах, что является показателем высокого чувства любви к Родине.
С наступающим праздником – Днём защитника Отечества !

Поделиться